Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Қабылдау бөлімі

Қабылдау бөлімі

Медициналық кластердің басым бағыты — сапалы медициналық көмек көрсету. Күнделікті тәжірибеде көрсетілетін медициналық қызметтердің уақтылы және қолжетімділігі сияқты факторлар көп бейінді аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелері деңгейінде шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Сонымен бірге заманауи басқару технологиялары негізінде медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу медициналық мекеменің сапасын жақсартуға, әсіресе қабылдау бөлімі деңгейінде.Қабылдау бөлмінде пациенттің медицина қызметкерлерімен алғашқы қарым-қатынасы менбіліктілік шеберлігі деңгейі жүзеге асырылады, жеткілікті материалдық-техникалық жарақтандыруды ұштастыра, жедел медициналық көмек тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Қабылдау бөлімінің меңгерушісі

біріншісанаттыпульмонолог Каримолдаева Д.К.


Қабылдау бөлімі — аурухананың дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Осы бөлімнің негізгі функционалды мақсаты — ауруханаға жүгінген дәлелдеме бар болған барлық пациенттерді госпитализациялау және ауруханаға жатқызылмағандарына шұғыл медициналық көмек көрсету. Орталық қайта құрылған сәттен бастап қабылдау бөлімшесін жоғары санатты дәрігер С.Ж.Агзамова басқарды, оның басшылығымен пациенттердің триаж жүйесін енгізу басталды. Содан кейін 2021 жылдан 2022 жылға дейін қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып дәрігер Тукибаева А.И. жұмыс жасады, қазіргі уақытта бөлімше меңгерушісінің міндеттерін орындау пульмонолог дәрігер Д.К. Каримолдаеваға жүктелді.

Қабылдау бөлімінің қызметкерлері

Госпитализацияны жүзеге асыру кезінде қабылдау бөлімі келесі міндеттерді орындайды:қысқа мерзімде шұғыл медициналық көмек керек науқастарға медициналық көмек көрсетеді; олардың бейініне сәйкес, науқастарды бөлімшелергебөлуін қамтамасыз етеді;пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жұқпалы аурулары бар науқастарды анықтайды;бірқатар диагностикалық, зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізеді,диагноз қойғанға дейін, күту бөлмесінде орналасқан науқастарды бақылайды.Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау үшін,жақсы жоспарланған бөлме түрінде,білікті мамандармен жәнеқажетті медициналық-диагностикалық жабдықпен жабдықталғантиісті құрылымды ұйымдастыру қажет. Бұл жаңашылдық қоңырау санаты мен белгілері (синдромдар) өзектілігі бойынша бөлуді қамтамасыз ету арқылы,ауруханаға дейінгі өлім-жітімін төмендетеді,сараланған тәсілді қолдану арқылышұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталады.

Триажнемесе медициналық сұрыптау — науқастарды белгілі бір жағдайларда басымдық және біртекті араласу (емдік, алдын-алу, эвакуациялау) қажеттілігіне негізделген топтарға бөлу. «Triage» — француз тілінен аудармасы «сұрыптау» дегенді білдіреді.Пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен кезде арнайы оқытылған мейіргер 3Н-жүйесі бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша пациент дәрігердің қарауы үшін қабылдау бөлімшесінің тиісті аймағына жіберіледі. Екі немесе одан да көп пациент келіп түскен жағдайда медициналық іріктеуді екі немес одан да көп қызметкер бір уақытта жүгізе алады.

Ақтөбе медициналық орталығының қабылдау бөлімі тәулік ішінде ургенттік кестеге сәйкес 80-нен 150-ге дейін пациенттерді қабылдайды. Қабылдау бөлімі құрылымында өткен қайта жарақтандырудан кейін:тіркеу посты және пациентерді бақылайтын пост, манипуляциялық кабинет, шокқа қарсы кабинет, тексеру аумағы,шұғыл оперативтік араласу үшін операция бөлмесі, қарқынды терапия палатасы, санитарлық блок, байқауды қажет ететін науқастар үшін, диагностикалық төсек орындары орналастырылған,клиникалық және биохимиялық зертханалардың кезекші кабинеттері, сондай-ақ ультрадыбыстық диагностикалық, эндоскопиялық кабинеттер.

Қабылдау бөлімі функционалды диагностика бөлімшесіне, компьютерлік томографияға, рентгенологиялық кабинетке тікелей жақын жерде орналасқан, бұл науқастарды тексеруді айтарлықтай жеңілдетеді. Қабылдау бөліміне жүгінгендержәне пациенттер туралы мәліметтер медициналық ақпараттық бағдарламасына міндетті түрде енгізіледі.

Наши врачи
Ссылки