Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Эндокринология бөлімі

Эндокринология бөлімі

Эндокринология бөлімшесіэндокриндік жүйе аурулары мен зат алмасу бұзылыстарының барлық спектрі бойынша: қант диабетінің 1, 2 тобы және басқа да түрлері, қалқанша без аурулары, бүйрек үсті безі патологиясы, метаболикалық синдром, гипоталамус-гипофиз жүйесі аурулары бойынша диагностика мен мамандандырылған көмек көрсетугебағытталған. Бөлімшеде эндокринология бойынша маман сертификаты бар, жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар білікті дәрігерлер мен мейірбикелер ұжымы жұмыс жасайды. Бөлімше меңгерушісі - жоғары санатты дәрігер-эндокринолог К.Ж.Макенова, мамандығы бойынша еңбек өтілі 22 жыл.



Эндокринология бөлімшесінің меңгерушісі –

жоғары санатты эндокринолог-дәрігер Макенова Клара Женискалиевна



Біздің аурухананың эндокринология бөлімшесінің 30 жылдан астам тарихы бар. Тулемисов Е.У. облыстық денсаулық сақтау бөлімінің штаттан тыс бас эндокринологы бола отырып, мамандандырылған бөлімшені ұйымдастыру бойынша орасан зор жұмыс жүргізді. 1985 жылы қалалық аурухана базасында Ақтөбе облысында алғаш рет 45 төсектік эндокринология бөлімшесі ашылды. 1996 жылдан бастап бөлімшені жоғары санатты эндокринолог-дәрігер Г.Н.Каликова басқарды, сол жылы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эндокринологы болып тағайындалды, осы күнге дейін ол өз жұмысын жалғастыруда. 2014 жылы бірқатар қайта құрулар барысында бұл бөлімше Облыстық аурухана базасына көшірілді, қазіргі уақытта Ақтөбе медициналық орталығының құрамында.


Эндокринология бөлімшесінің ұжымы



Бөлімшеде жоғары санатты эндокринолог-дәрігер Д.Г.Искалиева, мамандығы бойынша 20 жыл өтілі бар, бірінші санатты дәрігер - эндокринолог М.К.Томарова, 6 жыл еңбек өтілі бар дәрігерлер жұмыс жасайды. Орта буын медициналық персоналдың бірінші және жоғары санаттары бар. Эндокринологиялық бөлімнің базасында БҚММУ Эндокринология курсы орналасқан, онда Марат Оспанов атындағы БҚМУ №1 ішкі аурулар кафедрасының жоғары білікті қызметкерлері жұмыс жасайды, атап айтқанда: Кудабаева Х.И., кафедра профессоры, м.ғ.к., ассоцияцияланған профессор.

Жалпы, бөлімшеде эндокриндік патологиясы әртүрлі науқастарға жоғары білікті көмек көрсету үшін жағдайлар жасалған. Қазіргі уақытта аурухана хирургтерімен бірлесіп семіздікті жедел емдеу әдістерін кеңінен енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Эндокринология бөлімшесінің мамандары қант диабетінің кеш асқынуларының алдын алу және емдеудің жаңа әдістерін сәтті қолданып, жыл сайынғы «Қант диабетіне өзіңді тексер» акциясына белсене қатысады. Диагностикалық базаның мүмкіндіктері ішкі секреция бездері ауруларының УДЗ және КТ диагностикасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бөлімше қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараларға қатысады: телевизиялық бағдарламаларға қатыса отырып, БАҚ-та түсіндіру материалдарын басып шығарады, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, қант диабетінің алдын алу бойынша акциялар өткізеді.

Бірнеше рет дәрігерлер мен мейірбикелер басшылық тарапынан мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Макенова К.Ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылы» медалімен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, мейірбике Ж.А.Жайлибаева «Мейірім» медалімен марапатталды.




Наши врачи
Ссылки