Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Клиникалық-зертханалық диагностика бөлімшесі

Клиникалық-зертханалық диагностика бөлімшесі

КДЗ меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер — зертханашы

Урынша Исенгалиевна Кушкинбаева


Клиникалық-зертханалық диагностика бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлімше штатында 3 дәрігер, 14 лаборант қызмет жасайды. Зертхана меңгерушісі У. И. Кушкенбаева — 25 жыл еңбек өтілі бар жоғарғы санаттағы дәрігер. Дәрігерлер Н. К. Бисенғалиева 14 жыл еңбек өтілі бар 1-ші санаттағы дәрігер. Жоғарғы санаттағы зертханашы саны -3 , бірінші санаттағы -2.


КДЗ қызметкерлері


Бөлімше заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған: BIOSYSTEM A-25 биохимиялық анализаторы, SYSMEX-21 KX гематологиялық анализаторы, SIEMENS зәр анализаторы, TS-4000 коагуляторы, «BIORAD» иммундық-ферменттік анализаторы. SYSMEX-21 KX гематологиялық анализаторында 18 параметрі анықталады.



Қазіргі уақытта КДЗ қызметкерлері- пациенттің жағдайын бағалау үшін жоғары деңгейлі клиникалық зертханалық зерттеулер жүргізуге, диагнозды айқындау, тиісті емді таңдауды жеңілдету және оның нәтижелерін бақылау, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесін енгізу арқылы зертханалық зерттеулер сапасын арттыруға мүдделі мамандар тобы.

Наши врачи
Ссылки