Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Біздің миссиямыз, мақсатымыз, міндетіміз

Біздің миссиямыз, мақсатымыз, міндетіміз

01 июнь 2018, Пятница
3 332
0
Миссия:
Медициналық қызмет көрсетуді уақтылы ұсыну арқылы, алдын алу, емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін пайдалана отырып, халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

Болашаққа болжам:
  • Сапа менеджменті және үнемді өндірістің халықаралық стандарттарына негізделген, медициналық көмек көрсетудің озық жүйесі бар көпсалалы мемлекеттік клиника.
  • Аймақтық медициналық туризм орталығы.
Мақсаттары:
  • Мемлекеттік денсаулық сақтау саясатын іске асыру шеңберінде, пациенттердің қажеттіліктеріне бағдарланған жоғары білікті медициналық көмек көрсету.
  • Көрсетілетін медициналық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында аурудыңалдын алу , диагностикалау, емдеу және оңалтудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Орталық міндеттері:
  1. Жоғары тиімді медициналық технологияларды пайдалана отырып,балалар мен ересектерге амбулаториялық және стационар жағдайында, жоғары кеңес беру-диагностикалық және емдеу қызметтерін ұсыну.
  2. Бекітілген денсаулық сақтау стандартына сәйкес, пациенттердің құқықтарының қорғалуын, сапалы медициналық көмектің қол жетімділігін, қауіпсіздігі мен уақтылығынқамтамасыз ету.
  3. Халыққа медициналық қызмет көрсету және ұлттық денсаулық сақтау жобаларын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу.
  4. Медицина саласындағы ғылыми дәлелдерге негізделе отырып, балалар және ересектерге алдын алу, диагностика ,емдеу мен оңалту процестеріне ғылым және инновациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу.
  5. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес, медициналық қызметтің сапасын басқарудың тиімді жүйесін құру.
  6. Сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету үшін қажетті ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.
  7. Әрбір қызметкердің корпоративтік мәдениетті және сапаны басқару жүйесін жетілдіруге құзыреттілігін арттыру.
Біздің құндылықтар:
  • Пациентке назар аудару — пациенттің абыройы мен жеке басын құрметтеуге негізделген жоғары сапалы қызметтер көрсету үшін, әрбірпациенттің қажеттілігін бағалау.
  • Пациент қауіпсіздігі — ол емдеу-диагностикалық процестіңқауіптерін барынша алдын алуын қамтамасыз ететін, сапалы медициналық көмектің маңызды компоненті.
  • Жауапкершілік пен тұтастық — қызметкерлерді жарияланған қағидаларға және жоғары стандарттарға сәйкестендіру,пациенттер, әріптестер, серіктестерменқарым-қатынаста жоғары сенімділік деңгейін көрсету.
  • Алқаластық — емдік- диагностикалық үдерісті қамтамасыз етудекөп тәртіптік тәсіл.
  • Кәсіпқойлық — жоғары нәтижеге жету үшін, өзінің барлық білімі, дағдылары мен тәжірибесін үздіксіз оқыту мен дамытуғабағыттауға негіздеу.
  • Әріптестік және ашықтық — денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен пациенттердің арасында, ашықтық пен сенім негізінде, өзара қарым-қатынас моделін қалыптастыру.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки