Телефон доверия:
8 (7132) 53-42-46
Call-центр:
8 (7132) 22-77-07 (КДЦ)
8 (7132) 24-83-21 (детский стационар)
» » Ақтөбе облыстық аурухана

Ақтөбе облыстық аурухана

01 октябрь 2017, Воскресенье
444
0

Ақтөбе облыстық аурухана 2014 жылдың қаңтар айында «100 мектеп, 100 аурухана» атты мемлекеттік бағдарлама бойынша пайдалануға берілді және қала маңындағы аурухана аумағында орналасқан. Аурухана халықаралық стандартқа сәйкес салынған және заманауи диагностикалық, медициналық жабдықтармен құралдандырылған, аурухананы жобалап бастаған кезден-ақ пациенттерге ең қолайлы жағдай жасауға және үлгілі ем беру үдерісіне елеулі назар аударылған. Ақтөбе облыстық аурухана шұғыл және жоспарлы стационарлық, акушерлік, консультативтік- диагностикалық көмек көрсету үшін қамтамасыз етілген заманауи, көп салалыемдеу- алдын алу мекемесі болып табылады.

2 сәіур 2015 жылыжұмыс сапарының алғашқы күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен облыстық көпсалалы аурухананың жұмысымен танысты. Елбасы ақ халаттылардың еңбегіне табыс тілеп, ел медицинасының өркендеуіне үлес қоса берулеріне тілектестігін білдірді.

Аурухана 320 төсек орынға жобаланған. Аурухананың өзіндік құрамында 14 клиникалық бөлімдері бар: инсульт орталығы, терапия бөлімі, эндокринологиялық бөлім, хирургиялық бөлім, тамыр хирургия бөлімшесі, нейрохирургиялық және травматологиялық бөлімдері, урологиялық бөлім, отолорингология бөлімі, III деңгейдегі перзентхана бөлімі, жүкті әйелдердің патология бөлімі, жаңа туылған нәрестелердің патология бөлімі және гинекологиялық бөлім.


Стационар құрамында 12кереуетті реанимация, қарқынды терапия бөлімі, 6кереуетті кардиореанимация, 6кереуетті нейрореанимацияқызмет жасайды, параклиникалық бөлімшелер: сәулелі диагностика бөлімі, фукционалдық диагностика бөлімі, клиникалық-диагностикалық зертхана, гемодиализ кабинеті, гипербариялық оксигенация кабинеті. Стационарда соңғы үлгідегі жетекші әлемдік өндірушілердің медициналық технологиялары,диагностикалық және емдік жабдықтары орнатылған. Атап айтқанда компьютерлік және магнитті-резонансты томографиялар, ангиограф, қазіргі заманғы сарапшы кластағы ультрадыбыстық сканерлер, «жасанды бүйрек» аппараттары, қысым камералары. 2015 жылы R-скопиялық қашықтан түсіретін аппарат,флюроаппарат сатылып алынған. Осының барлығы ауруханада жатқан барлық пациенттерге жоғары білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Аурухана жоғары білікті мамандандырылған қызметкерлермен қамтамасыз етілген, қазіргі таңда 780 қызметкер жұмыс атқарады, олардың ішінде дәрігерлер — 194, орта медициналық қызметкерлер — 297.


Облыстық аурухананың бірінші басшысы болып тәжірибелі дәрігер, денсаулық сақтаудың жоғарысанаттағы ұйымдастырушысы Самат Багдатович Даньяров тағайындалған. Ол көп салалы аурухананың қалыптасуына баға жетпес үлкен үлес қосты. Оның жұмыс атқарған уақытында қазіргі заманғы жабдықтар алынды, жаңа медициналық технологиялар енгізілді, соның ішінде рентгенэндовакулярлық хирургия, интервенциялық кордиология, трансплатациясаласында тұрғындарға медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша, соның ішінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға белсене қатысты.

2017 жылы бас дәрігер болып жоғары санатты дәрігер-реаниматолог,басшы лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар Рустем Канапиевич Исаев тағайындалды.

Аурухана ашылғаннан бері шамамен 3 жыл өтті, бірақ бұл мекеме облыстық денсаулық сақтау жүйесінде лайықты орнын алды, аурухана қызметкерлері медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін үлкен үлес қосуда.

  

Айта кету керек, облыстық аурухана құрамында, аймақта теңдесі жоқ, тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсететін, сонымен қатар жоспарланған бюро порталы бойынша жоспарлы емдеуге жатқызуға болатын бірнеше бөлімдер жұмыс істейді, атап айтқанда: урология бөлімшесі, қан тамыр хирургия бөлімшесі, эндокринологиялық бөлімше, отолорингология бөлімшесі.

Эндокринология бөлімшесі эндокриндік жүйе мен зат алмасудың бұзылуынан болатын барлық ауруларға мамандандырылғанкөмек көрсетеді: 1,2 қант диабеті және басқа типтері, қалқанша без аурулары, бүйрек үсті патологиялар, метоболитикалық синдром, гипоталамо-гипофизарлық жүйе ауруларына. Бұл бөлімде эндокринология мамандығы бойынша сертификаттары бар, бірінші және жоғары білікті санатты дәрігер мен медбикелер мамандары жұмыс істейді. Бөлім меңгерушісі- Макенова Клара Женисқалиқызы жоғары санатты дәрігер-эндокринолог. Бөлімшеде бірінші санаттыдәрігер-эндокринологД.Г Искалиева,М.ЖБасыгарина,М.К Томарова жұмыс істейді. Орта медицина қызметкерлерінің бірінші және жоғарғы санаттары бар. Эндокринология бөлімінің базасында М.Оспанов атындағы БҚММУ эндокринология курсы бар, ондакафедраның жоғарғы білікті мамандары м.ғ.д.,профессор Е.У Тулемисов, м.ғ.к., доцент Х.И Кудабаева жұмыс істейді. Жалпы бөлімшеде әртүрлі эндокринологиялық патологиялары бар науқастарға жоғары білікті көмек көрсетуге жағдай жасалған.

Урологиялық бөлімше 25 кереуетке есептелген, бөлім меңгерушісі жоғары санаттыдәрігер-уролог А. Т. Имжаров. Бөлімшеде уроандрологиялық аурулардың алдын алуда және емдеудегі инновациялық диагностикалық технологиялар белсенді қолданылады, М.Оспанов атындағы БҚММУ-дың урология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор О. М. Курмагалиевпен бірлескен жұмыс атқарылуда.

Бөлімшеде жоғары білікті мамандар -м.ғ.к., доцент М. Н. Саркулов, ассистент К. Г. Сулейменов, ординаторлар Д. Ш. Абрешева, Т. А. Имжаров жұмыстарын ойдағыдай жүргізеді. Урологиялық бөлімшенің тәжірибесіне эндоурологиялық хирургияны,қуықасты бездерінің қатерсіз ісіктерінің қалыптасуында трансуретралды резекция сынды, бүйрек пен несепағар жолдарының тастарына байланысты аз инвазиялық араласу және қашықтан ыдыратып жою мен шығару әдістері, бүйректің лапароскопиялық және ретроперитонеоскопиялық хирургиясы, жамбас-несепағар сегметтерінеашық жедел араласулар жарақатын,науқастардың оңалуының уақытын азайтты. Урология бөлімшесі жоғары білікті медициналық қызметкерлермен, жоғары технологиялық жабдықтармен жеткілікті көлемде жабдықталғандықтан, қаламыздың және облысымыздың тұрғындарына сапалы және жоғарымамандандырылған көмек көрсете алады.

Қан тамыр хирургия бөлімшеі 2014 жылдың 21 сәуірінен бастапашылып, жұмыс атқаруда. Бөлімше меңгерушісі болып жоғары санатты дәрігер Б. К. Жанабаев тағайындалды. Бұл бөлімшеде келесі аурулардың отасы және емі жүгізілетін болады:
кеуде және құрсақ қолқа аневризмасы, шеткі артериялардың аневризмасы, вазоренальды гипертония,аяқ-қол варикозы,аяқ-қол тамырларының туабіткенақауы (мальформация).

Бөлімшеде зақымдалған артериялар мен күре тамырларғарентгенэндоваскулярлық диагностикалау және емдеу жүргізіледі: шеткі артериялардың ангиографиясы, ұйқы артерияларының атеросклероздық зақымдануында ангиопластика жәнестенттеу (каротидтік стенттеу),аяқ-қолдыңшеткі жоғарғы және төменгі артерияларының атеросклероз кезінде ангиопластикалау жәнестенттеу, бүйрек артерияларын, кавафильтр имлантациясы, флебография, миома обырыкезіндегі жатыр артерияларын эмболизациялау.

Отолорингология бөлімшесі тәулік бойы осы амандық бойынша қажетті медициналцық көмектерді көрсетеді. Бөлім меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер А. К. Исергужина. Бөлімше қызметкерлері үнемі түрлі халықаралық және республикалық конгрестер, конференцияларға қатысады.Оның нәтижесі-әрбір қызметкер өзінің жеке дағдыларын жақсартады және де ұсынылатын қызметтердің деңгейін көтереді. ЛОР бөлімінде өткір және созылмалы мұрын ауруларына үлкен көлемде хирургиялық емдеу шаралары жүргізіледі.Мысалы, лазердің көмегімен мұрынның төменгі қабықшасын жою, полипотомикалық жұмыс, Киссельбах тамырлы аймағында коагуляцилық жұмыстар, мұрын қуысының, сыртқы және ортаңғы құлақ орталықтарына хирургиялық емдеу жүргізу.

2015 жылдан бастап облыстық аурухана базасында жоғары мамандандырылған нейрохирургиялық бейінді медициналық көмекқамтамасыз етіледі:омыртқаларды тұрақтандыру операциялары «омыртқаны транспедикулярлық бекіту», омыртқа вертебропластикасы,мойын омыртқааралық дискісін имплантациялау.Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты дәрігер-нейрохирург Е. Е. Узганов. 2014 жылдың наурыз айынан беріоблыс пен қаламыздың халқына травматологиялық көмекті травмотоло-ортопедиялық бөлімше жүзеге асырады. Бөлім меңгерушісі –жоғары санатты, медицина ғылымдарының кандидаты С. Ж. Исаев. ОлРесей, Австрия, Финляндия, Германия және Польша елдерінің травматологиялық клиникаларында тәжірибеден өткен.
Жалпы хирургия бөлімшесі 45 стационарлық кереуетке есептелген, әрбір палатада функционалдық кереуеттер орнатылған, отадан кейінгі және ауыр жағдайдағы науқастарға автоматтандырылған көпфункциалдық кереуеттер,оттегін жеткізу үшін консольдер қарастырылған, аспираторлар және дәрігер мен медбикелерді палатаға шықырту үшін пультпен қамтамасыз етілген. Бөлім меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер-хирург Г. Б. Аубакиров. Бөлімше М.Оспанов атындағы БҚММУ-дың м.ғ.д., профессор Б.С Жакиев және академикН.И.Изимбергенов басшылығымен хирургиялық аурулар кафедрасының клиникалық базасы болып табылады. Бөлімше қызметкерлері кеуде қуысы мен іш қуысы ауруларында шұғыл және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді. Жедел күндері стационарға түскен науқастарғадиагностика жәнеемдеу протоколдары бойынша толық тексеру жүргізіледі, ауруханаға жатқызу көрсеткішке байланысты қатаң жүргізіледі. Бөлімшеде жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласу, өт шығарушы жолдардың асқынуында аз инвазивті операциялар жасалады.Тәжірибеде,операциялардың 80% на деін лапароскопиялық тәсілмен,инновациялық технологияларды кеңінен қолдану арқылы орындалады,ол науқастардың сауығу процессін әдеқайда оңай жеңілдетеді: операциядан кейінгі ауырлықты төмендетеді, науқастар операцияны әлдеқайда оңай өткізеді, операциядан кеін тезірек қалпына келеді және жұмысқа тез оралады.Диабеттік табан синдромы бар науқастарға медициналық көмек көрсетіледі.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 12 кереует бар, бөлім меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер К. К. Ермагамбетов.Бөлімнің негізгі қызметі хирургиялық,травматологиялық,урологиялық,нейрохирургиялық,терапиялық,неврологиялық және кардиологиялық науқастарды тәулік бойы жатқызылуын қамтамасыз ету болып табылады; тексерудің дұрыс ұйымдастырылуы,науқастардың емі мен күтімі; бөлімнің тәжірибе жұмысына заманауи диагностикалық әдістер мен тәсілдерді және емдеудің тиімді бағдарламаларын енгізу. Бөлім құрамында Bbraun фирмасының «Dialog +» екі аппаратымен жабдықталған гемодиализ кабинеті, BaraMed фирмасының екі барокамерасы бар гипербариялық оксигенация кабинеттері жұмыс жасайды.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімі жұмысқа қажетті медициналық технологиялар мен жабдықтарға, дезинфекция аппараттары мен зарарсыздандыру және дем алу аппараттарымен, жеңіл және қаттыжабдықтарымен толық қамтамасыз етілген. Реанимация бөлімі қазіргі функционалдық кереуеттермен, DATEX фирмасыныңзаманауи дем алу аппаратымен жабдықталған.

Перзентхана бөлімі көпсалалы ауруханада 06.03.2014жылы ашылдыжәне 35кереуетке есептелінген. Перзентхананың жұмысынжұмыста көп жылдық тәжірибесі бар,акушерлік және гинекология хирургиясының барлық дағдыларын иеленген, жоғары білікті маман, бас дәрігердің орынбасары В.И Авраменко қадағалайды. Бөлімшеде 8 жеке перзенхана бөлмелері, операциялық, интенсивті терапия палатасы, ана мен бала бірге болуына жабдықталған екітөсек орындық палаталар бар.Перзентхана бөлімінде жыл сайын 3500 әйел босанады, ДДҰ ұсынған барлық тиімді технологиялар енгізілген:жеке босану бөлмесі, серіктестік босану, 1-ші және 2-ші босану кезінде еркін позициялар,жаңа туылған нәрестені ерте емізу, «теріге тері» байланысы,ана мен баланың бірге болуы, тума-туыстарының босанғандарға келуі, ерте шығару.

Барлық жаңа туылған нәрестелерге жалпы клиникалық тексеріс жүргізіледі, «Қауіпсіз ана"принциптеріне сәйкес, шала туылған сәбилердің және құрсақта өсуі тежелген балалардың күтіміне арналған заманауи технологиялар енгізілген.Диагностикалық және емдеудің стандартты хаттамалары бойынша консервативті емдеуде заманауи тәсілдер қолданылады.Барлық жаңа туылған нәрестелерге тұқымқуалаушылық патологиясына диагностка жүргізіледі:фенилкетонурия, туа біткен гипотиреоз.Бөлімшеде жоғары білікті дәрігерлер-неонатологтар Маматова Г.Ж., Мухамедьярова А.Р., Калиева Н.В. жұмыс жасайды.

Перзентхана үйінің құрамында жаңа туылған нәрестелер патологиясы бөлімшесі, жаңа туылған нәрестелердің ренимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі жұмыс жасайды. Оларжаңа туылған нәрестелердің өмірлік маңызды функциялары бұзылысындағы күтімі мен реанимация және қарқынды бақылауда кешендік іс-шаралар атқарады. Бөлім меңгерушісі — жоғары санатты дәрігер Г. Н. Ергалиева.Қарқынды терапияға мұқтажбалалар перзентханадан түседі,аудан мен қаладан жатқызылған әйелдер перзентхана бөлімшесінен осы бөлімшегегестоздың ауыр түрімен,мезгілсіз босану қаупімен, ауыр экстрагенитальды патологиямен (жүрек ауруы, гемостаз жүйесінің бұзылысымен және т. б.) жолданады. Бөлімшеде тыныс алуды қолдаудың, клиникалық тамақтанудың, сурфактанк препараттары және т.б заманауи тәсілдері қолданылады.

Босанған және босанатын әйелдер бөлімшесі — бөлімшенің меңгерушісі жоғары санаттыдәрігер акушер –гинеколог А. Н. Акатаева. Бұл бөлімшеде жүкті әйелдерді емдейді және босануға дайындайды,сонымен қатар қауіпті топтағы жүкті әйелдерге қазіргі заманауи әдістерін қолданып, тексерістер өткізеді және ауыр экстрагенитальды патологиямен жатқан жүкті әйелдерге диагностика мен тиімді ем шаралар жүргізіледі (қант диабеті,бүйрек аурулары,қан және жүрек ақаулары бар жүкті әйелдерге).Бөлімшеде қолданылады: трансвагинальды эхоскопия көмегімен ультрадыбыстық диагностика; жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрінде допплерометрия.

Гинекология бөлімшесі 20 кереуетке есептелген,бөлімшеніңмеңгерушіжоғары санаттыдәрігер-гинекологК.К.Шалекенов. Барлық медицина қызметкерлері жоспар бойыншамедицина қызметінің сапасын арттыру үшін,біліктілігін арттырукурстарынан,бастапқы мамандандыруданөткен. Бөлімшеде шұғыл және жоспарлы көмек, сонымен қатар жоғары мамандандырылған медициналық көмек — ласпроскопиялық ассистенциясыменжатыр қынабының экстирпациясы,жатыр хирургия эмболизациясы.2016жылы бөлімшеде 925 операция жасалды,соның ішінде: 50 жағдайы- ЖММҚ бойынша, 175 лапараскопиялық операция,182лапаротомдық операция, 568 шағын операция. Бөлімше жұмысының көп бөлігін орта медициналық қызметкерлері атқарады. Олар дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсетуінеоқытылған,мысалы анафилактикалық шок, қан кету кезінде және бекітілген стандарттарға сәйкес практикалық дағдыларға ие.

Неврология бөлімшесі 30 кереуетке есептелген,сонымен қатар өз құрамындақарқынды терапиялы 6 кереуетті нейрореанимациялық блок,ерте оңалтуға арналғанжәне неврологиялық кереуеттер бар. Бөлімше меңгерушісі тәжрибелі жоғары санаттыдәрігер-невролог Д. Кужакулов.Бөлімшенің жұмысының негізгі бағыты неврологияның ең өзекті мәселелері және емдеудің заманауи әдістерін енгізу бойынша стационарлық медициналық-диагностикалық көмек көрсету болып табылады. Неврологиялық бөлімшенің диагностикалық мүмкіндіктері нейровизуалдық (КТ, МРТ), нейрофизиологиялық (ЭХО,РЭГ), зертханалық (жұлын сұйықтығы) зерттеулер, нейро оңалту әдістері (физиоем, ЕДШ, массаж және т. б.) жүргізуді қамтиды.

Терапия бөлімшесі 30 кереуетті, құрамында кардиологиялық бағыт бойынша жоспарлы емдеу және жоспарлы коронароангиография өткізу үшін пациенттерді жатқызуға 15 кереует бар.Бөлімше меңгерушісі-терапиялық аурухана қызметінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан жоғары санатты дәрігер–терапевт Б. Т. Ишимова.Терапиялық бөлімшеде әртүрлі соматикалық аурулары бар науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіледі: (ЖИА, ревматизм,брохөкпе жүйесінің аурулары,ЖКТ). Диагностикалық мақсатпен аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерінің қажетті көлемі пайдаланылады.

Сәулелі диагностика бөлімшесі 2014 жылдың наурыз айында құрылып, әлемдегі жетекші өндірушілерден диагностикалық аспаптарының толық жиынтығымен жабдықталған. Бөлімше құрамына рентген диагностикалық кабинет, рентген компьютерлік томография кабинеті, магниттік-резонансты томография кабинеті кіреді. Бөлімше «General Electric» компаниясы шығарған «Оптима 660» заманауи 64-беттік компьютер томографымен жабдықталған,қашықтан басқару және цифрлық ақпаратты өңдеу блогты «Opera RT» заманауи рентген диагностика-лық аппаратпен жабдықталған.2014 жылдың сәуірінде GE компаниясы шығарған «Signa HDX» 1.5T магнитті резонанстық томограф орнатылды.Бөлімшенің негізгі мақсаты — облыстың тұрғындарына жоғары мамандан-дырылған диагностикалық көмек көрсету, барлық органдар мен жүйелердің патологиялық жағдайын ерте диагностикалауға бағытталған жаңа диагности-калық технологияларды енгізу.Бөлім меңгерушісі Р. Е. Абубакиров ірі республикалық орталықтарында, жақын және алыс шет елдерде оқыды.

Клиникалық-зертханалық диагностика бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейді.Бөлімше штатында 3 дәрігер, 14 лаборант қызмет жасайды.Зертхана меңгерушісі У .И Кушкенбаева -25 жыл еңбек өтілі бар жоғарғы санаттағы дәрігер.Дәрігерлер Н К Бисенғалиева14 жылеңбек өтілі бар 1-ші санаттағы дәрігер.Жоғарғы санаттағы зертханашы саны -3 ,бірінші санаттағы -2. Бөлімше заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған: BIOSYSTEM A-25 биохимиялық анализаторы, SYSMEX-21 KX гематологиялық анализаторы, SIEMENS зәр анализаторы, TS-4000 коагуляторы, «BIORAD» иммундық-ферменттік анализаторы.SYSMEX-21 KX гематологиялық анализаторында 18 параметріанықталады.

Функционалды диагностика және физиотерапия бөлімі 2014 жылдың 20 қаңтарында ашылды, екі бөлімнен тұрады: функционалдық диагностика және физиотерапия. Функционалды диагностика кабинетінде бөлім меңгерушісі С. А Шаймардинованың басқаруымен келесі қызмет түрі көрсетіледі: электрокардиография, электроэнцефалография, тәулікті АҚ мони-торы (СМАД) , тәулікті ЭКГ мониторы (ХОЛТЕР ЭКГ), реовазография , реоэнцефалография, велоэргомертрия, спирография, іш құрылы-сы,бүйрек,қалқанша безі ,өкпе қуысы ,кіші қуыс ,сүт безі УДЗ-і,эхокардиография — (ЭХО –КГ), бас , мойын, жоғарғы және төменгі тамырларын дуплексті сканерлеу. Физиотерапиялық бөлімінде келесі қызмет түрлері көрсетіледі:тоқпен емдеу,сәулемен емдеу,ультрадыбыстық терапия ,жылумен емдеу , массаж, ЕДШ,балланс терапия (вертикализация).

Функцииналдыдиагностика бөлімшесі құрамында эндоскопиялық кабинет жұмыс істейді, видеогастродуоденоскопия және тотальдывидеоколоноскопия қызметі көрсетіледі.Гастроэнтерологтар анықталған ауруларға емдеу және одан әрі бақылау жүргізеді. Гастроорталықта гастроорталықтың координаторы Е. С. Джапахов,м.ғ.к., жоғары санатты дәрігер Ж. К. Аяпбергенов, дәрігер -эндоскопистД.С.Нурбаева, дәрігер-гастроэнтеролог Г. А. Шерниязова,дәрігер-гастроэнтеролог К. А. Кикбаева жұмыс жасайды.

Қабылдау бөлімінде (бөлім меңгерушісі –жоғары санатты дәрігер С. Ж Агзамова) қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, шұғыл диагностикалық зертханалық және рентгенологиялықзерттеулер жүзеге асырылады.Шұғылмедициналық көмек көрсету үшін барлық қажетті заттар бар.Мұнда, көрсетім бойыншатиісті қарқынды адекватты емдеу басталады,кейін мамандандырылған бөлімшеде жалғасады.Барлық құжаттаманы тіркеу қажетті жедел терапиядан кейін және науқасты мұқият тексеруден кейін ғана жүзеге асырылады. Қызметкерлердің жұмысының маңызды бөлігі — стационардағы науқастарды тіркеу болып табылады,санитарлық-эпидемиологиялық органдарымен, жедел жәрдем станциясы мен қала және облыстың басқа да медициналық мекемелерімен байланыс.

Кардиология бөлімі 20 керуетпен қамтамасыз етілген, бөлімше меңгерушісі жоғары санатты дәрігер-кардиологЖ.С. Бекжанова. Денсаулық сақтау министрлігі кардиология бөлімінде бекітілген дәлелді медицина стандарттарына және принциптеріне сәйкес, артериалды гипертензия, жүрек ырғағының бұзылуы және жүрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруына шұғылжәне жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.Диагностикалық мақсатымен жүрек-қан тамырлары патологиясы бар науқастарға қазіргі заманауи зерттеу әдістеріқолданылады: холтердің мониторингі, жүрекке ультрадыбыстық зерттеу (эхокардиография), артериялық қысымның тәуліктік мониторингі, жүректің ишемиялық ауруы мен артерия қысымының ауытқуындиагностикалау үшін, коронарлық ангиография жүргізіледі.

Рентгендік-эндоваскулярлық зерттеулер бөлімінде интервенциялық кардиологтар, аритмологтар, тамырлы хирургтардың қатысуымен әр түрлі интервенциялық араласулар жүргізіледі.Бөлімше меңгерушісі-жоғарғы санатты дәрігер А. Ж. Таумов.

Облыстық аурухана ұжымы қоғамдық өмірге белсене араласады, салауатты өмір салтын насихаттайды, флешмоб ұйымдастырады, медицина қызметкерлерінің облыстық жарыстарына, түрлі салтанатты шараларға қатысады.

  

2017 жылдан бастап Облыстық аурухана ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК құрамында қызмет істейді.

Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки