Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Операциялық блок

Операциялық блок

Операциялық блок кез-келген хирургиялық аурухананың негізі болып табылады және кәсіптік операциялық медбикелер оның жетістігінің негізгі кепілі болып табылады.

Операция блогінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Елемесов Асет Аскарович

Бөлім 2014 жылдың ақпан айынан бастап, Ақтөбе облыстық аурухана ашылғаннан бері жұмыс істейді, қазір Ақтөбе медицина орталығы. Бұл хирургиялық корпустың 2-ші қабатында орналасқан тәуелсіз құрылымдық бөлімше, бірлігіне алты операциялық бөлмені кіреді. Қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жабдықталған операциялық бөлмелер, жаңа орналасу, әлемдік стандарттарға сәйкестігі- біздің өңірде және Батыс аймақ тұрғындарына сапалы және қауіпсіз хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Операция блогінің қызметкерлері

Күнделікті практикада 7 хирургиялық профильге: нейрохирургиялық, урологиялық, гинекологиялық, хирургиялық, тамырлы хирургия, травматология, отоларингология бойынша жоспарлы және жедел хирургиялық көмек көрсетіледі. 2014 жылдан бастап 13 849 операция жасалды, оның ішінде- жедел түрде 8 989 және жоспарланған — 4 860 операция. Жоғары технологиялық инновациялық операциялық іс-шаралар, әлемдік жетекші өндірушілердің жабдықтары мен құралдарымен жүзеге асырылады

Хирургиялық араласуды табысты жүзеге асырудың маңызды компоненттерінің бірі хирургтың жоғары кәсіпқойлығы ғана емес, мейірбикенің жоғары біліктілігі де болып табылады. ЖТМҚ-нің енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін медбикелер үшін, дағдыларын жетілдіру бойынша курстар тұрақты негізде жақын және алыс шетелдердің ірі орталықтарында жүргізіледі.

2014 жылдың қараша айынан бастап, Оңтүстік Корея мамандарының қатысуымен,бүйрек және бауыр трансплантациясы бойынша операцияны енгізу басталды. Осы кезеңде 36 бүйрек трансплантациясы өткізілді , соның ішінде 30-ы туыстық. 10 Бауыр трансплантациясы жасалды, Қазақстанда тұңғыш рет «Olympus» фирмасының заманауи құрал-жабдығында 3D технологиясы көмегімен орган алынды.

Көпбейінді аурухананың операция блогы негізінде,басқа медициналық ұйымдардың операциялық мейірбикелері үшін,жабдықтарды өндіруші фирмалар өкілдерінің қатысуымен, шеберлік -кластары, семинарлар үздіксіз жүргізіледі.

Бөлім ұжымы біздің облыстың шалғайдағы аймақтық ауруханаларында халыққа мамандандырылған хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға белсенді түрде араласып, өз әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Жақын болашаққа жоспарлар:

— шағын инвазиялық-инновациялық технологияларды енгізу бойынша қойылған міндеттерді іске асыру.

— операциялық блоктың күнделікті жұмысына ақпараттық өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу.

— әрбір операциялық залда және ОЗБ-де аспаптарды алдын-ала стерилизациялау циклдарының автоматтандырылған жүйелерін жетілдіру.

— интеграцияланған операциялық жүйелерді енгізу.

Наши врачи
Ссылки