Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Реанимация және қарқынды терапия бөлімі

Реанимация және қарқынды терапия бөлімі

Реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 9 төсек орын орналастырылған. Бөлімнің негізгі қызметі хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, нейрохирургиялық, терапиялық, неврологиялық және кардиологиялық науқастарды тәулік бойы жатқызылуын қамтамасыз ету болып табылады; тексерудің дұрыс ұйымдастырылуы, науқастардың емі мен күтімі; бөлімнің тәжірибе жұмысына заманауи диагностикалық құралдар мен тәсілдерді және емдеудің тиімді бағдарламаларын енгізу.


Бөлім меңгерушісі — бірінші санатты анестезиолог-реаниматолог дәрігер

Ермагамбетов Камалхан Куанович

Реанимация бөлімі негізгі міндеттеріне сәйкес, аспаптық және зертханалық зерттеулердің қажет тізімін жүргізеді,қазіргі заманауи медицина ғылымының жетістіктеріне, практикаға, заңда белгіленген тәртіпте пайдалануға рұқсат етілген әдістерге сәйкес, науқастарды емдеудің тиісті деңгейін зерттеу аспаптық және зертханалық әдістердің қажетті тізімін жүзеге асырады; емделу мен қорғау режимі қағидалары және медициналық деонтология ережелерін сақтау негізінде науқастарға кешенді көмек көрсету; барлық жоспарлы операция түрлеріне (хирургиялық, травматологиялық, урологиялық, гинекологиялық) анестезиологиялық қамтамасыз ету; іш қуысы, кеуде қуысы мүшелерінің патологиясында, тамырлық, нейрохирургиялық, урологиялық патологияларда Республика мекемелерерінің бейінді бөлімдерінің мамандарын шақырту арқылы,операцияларға анестезиологиялық қамтамасыз ету;емдеу процессі менөзіндік емдеу барысындағы асқынуларда алдын алу шаралары жүргізіледі.

Бөлім құрамында Bbraun фирмасының «Dialog +» екі аппаратымен гемодиализ кабинеті, Bara Med фирмасының екі барокамерасы бар гипербариялық оксигенация кабинеттері жұмыс жасайды.


Гипербариялық оттектендіру (ГБО) — бұл емдеу мақсатында жоғарықысыммен оттекті қолдану әдісі. ГБО қызметін Ресейдің клиникалық басасында ГБО әдісіне оқыған, жоғары санатты тәжірибелі дәрігер нефролог Д. Н. Липина басқарады.

Жоғары санатты нефролог-дәрігер Липина Диана Наримановна

Гипербариялық оттектендіру жүргізу көрсетімдері: көгерткіш қышқылдан пайда болған, тұншықтырғыш газдан улану, көміртек тотығымен улану, тұншықтырғыш газдан улану, газдық гангрена; улаудың барлық түрлері, қан тамырларының газ эмболиясы, декомпрессиялық ауру, өкпе артериясының тромбоэболиясы, жіті нейросенсорлық кереңдікжәне саңыраулық, ботулизм.

ГБО қолданудың жалпы көрсетімдері:

1. Қан тамыр патологиясы
1.1. Алдын-ала және операциядан кейінгікезеңде аяқтың артерияларының өткір обструкциясы (тромбоз, эмболия, жарақат).
1.2 Аяқ-қол облитерациялағыш эндартерииті.
1.3. Аяқ-қол облитерациялағыш атеросклерозі 1.4. Қан тамырларының газ эмболиясы.
1.5. Аяқтың созылмалы қан айналымы жетіспеушілігінің нәтижесіндегі трофикалық жаралар .

2. Жүрек патологиясы
2.1. Тыныштық қалпындағыжәне кернеу кезіндегі стенокардия.
2.2ЖИА аритмиялық нұсқасы.
2.3. Жыбырлақ ырғақсыздық.
2.4. Пароксизмальдытахикардия
2.5 Түрлі генездің жүрек жеткіліксіздігі.
2.6. Қабылданған жүрек ақаулары бар декомпенсация. 2.7. Постинфарктық кардиосклероздағы декомпенсация.
2.8. Кардиохирургия операциясынан кейінгі жүрек жеткіліксіздігі.
2.9. Жүрек гликозидтерімен улану.
3.Өкпе патологиясы
3.1.Алдын-ала және операциядан кейінгі кезеңдердегі іріңді-деструктивтік өкпе ауруы
3.2. Тән емес созылмалы өкпе ауруы (Өкпе жүрек ауруы айқын белгілері бар).
4. Асқазан-ішек жолдарының патологиясы
4.1. Асқазан және ұлтабар ойық жарасы
4.2 Динамикалық ішек тосқауылы.
4.3. Асқазан қансырауынан кейінгі постгеморрагиялық синдром.
5.Бауыр патологиясы
5.1 Жіті (вирустық) гепатит.
5.2 1-2 кезеңді энцефалопатия құбылыстарымен өткір гепатит.
5.3. Энцефалопатия құбылысыз жіті гепатит, бірақ белсенді терапияға қарамастан процестің ұлғаюымен.
5.4. Бауыр циррозы (анық декомпенсация болмаған кезде).
5.5. Механикалық сарғаю (өт келудің бұзылуын хирургиялық жолмен алып тастағаннан кейін).
5.6. постреанимация кезеңіндегібауыр жеткіліксіздігі.
5.7. Гепатотроптық уланғаннан кейінгі улы гепатит.
6. Орталық жүйке жүйесінің патологиясы
6.1. Ми қан тамырларының газ эмболиясы.
6.2. Ишемиялық инсульт (жіті және қалпына келтіру кезеңдері).
6.3. Бас сүйек-ми жарақаты (жіті және қалпына келтіру кезеңдері).
6.4. Постгипоксиялық энцефалопатия (өткір кезең). 6.5.Ботулизм.
6.6. Жұлынның жарақаты.
6.7.Невроздар

7. Эндокриндік жүйенің патологиясы
7.1. Ауыр және орташа ауыр ауру ағымымен инсулинге тәуелді диабеттің декомпенсациясы.
7.2. Диабеттің асқынуы (ангиопатия трофикалық бұзылулармен, полиневриттер және т. б.).
7.3. Диффузиялы-уытты зоб
8. Жақ-бет патологиясы
8.1.Пародонтоз.
8.2. Жақ-бет тұсының флегмонасы
8.3. Жақ остеомиелиті.
8.4 Шірік ойық жаралы гингивит және стоматит.
8.5. Жақ-бет тұсының актиномикозы
9. Сүйек жүйесі патологиясы
9.1. Зақымдалған бөлік сегментіндегі қан айналымы бұзылыстары болғанда сүйектің жаңа сынуы.
9.2. Эндартериит, атеросклероз, қант диабеті бар науқаста жаңа сүйек сынуы.
9.3. Сынудың кешіктіріліп шоғырлануы.
9.4. Остеомиелит, оның ішінде Илизаровтың аппаратын қолданғанда.
9.5. Аймақтық қанайналымын айтарлықтай бұзған сүйектер сынуы, соның ішінде Илизаров аппаратын қолданғанда.
10. Жалпы хирургиялық инфекция
10.1 Жалпы іріңді-септикалық процестер (бастапқы және қайталама іріңді ошақтардың белсенді санациясымен).
10.2.Іріңді перитонит (көзді хирургиялық алып тастау және шектеулі абсцесстерді бөлшектеу жағдайында).
11. Жаралар патологиясы
11.1. Клостридиады жара инфекциясы.
11.2. Іріңді жара (Оның жақсы дренаж жағдайыда).
11.3. Ашық жарақаттанған жара инфекциясын алдын-алу.
11.4.Баяу түйіршіктенген жара
11.5. Күйген жара беттері
11.6. Операциядан кейінгі жаралар пластикалық хирургияда).
12. Экзогендік уланулар
12.1.Көміртек тотығымен улану.
12.2. Метгемоглобинқұраушылармен улану.
12.3. Цианидпен улану.
12.4. Хлорданған көмірсутектермен улану.
12.5. Фосфорорганикалық инсектицидтермен улану
(карбофоспен уланған жағдайда, тек қана соматогенді фазада).
12.6. Созылмалы фосфор улануы.
12.7. Саңырауқұлақпен улану
12.8. Психотроптық препараттармен улану
12.9. Ішімдіктің ауыр абстинентті синдромы
12.1. Жіті абстинентті синдром
12.2. Уытқұмарлықпен ауыратын науқастарың психикалық белсенді заттармен улануы
12.3.Жіті бүйрек жеткіліксіздігі
13. Урологиялық патология.
13.1. Әйелдерде қуық және цистальгия аурулары
13.2. Балалардағы зәр шығару органдарының хирургиялық аурулары (гидронефрозды қоса алғанда)
13.3. Ер адамдарда бедеулік және ерлерде жыныстық дисфункция
13.4 Простата қабыну аурулары
13.5. бүйрек қабыну ауруы
14. Гинекологиялық патология.
14.1.Аднекситтар
14.2. Эндометриттар
14.3. Гинекологиялық сепсис
14.4. Бедеулік

15. Жүйелі аурулар
15.1. Склеродермия15.2.Жүйелі қызылжегі
15.3. Ревматоидті артрит 15.4. Шегрен синдромы
15.5.Антифосфолипид синдромы 15.6. Анкилозды спондилоартрит.

Гипербариялық оттектендірудің қарсы көрсетілімдері: анамнезінде эпилепсияның болуы (немесе кез-келген басқа сіңіргіш талма), өкпе қуыстарының (каверна, абцесс немесе ауалы жылауық) болуы, гипертонияның ауыр формалары (қан қысымының 160/90 мм көп), мұрын қуысының қосымшасын сыртқы ортамен (полиптер, жұтқыншақтағықабыну процестері, ортаңғы құлақ, мұрын қуысының қосымшасы, даму аномалиялары және т. б.) байланыстыратын есту түтігі мен жолының (евстахиев) өткізгіштігін бұзу, екі жақты пневмония (ағызылған); пневмоторакс (әсіресе шиелінескен); жіті респираторлық ауру; клаустрофобия; оттегіге жоғары сезімталдық.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімі жұмысқа қажетті медициналық технологиялар мен жабдықтарға, дезинфекция аппараттары мен стерелизация құралдары, дем алу аппараттары, жеңіл және қатты жабдықтармен толық қамтылған.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімі қазіргі замануи функционалдық төсек орындармен, DATEX фирмасының дем алу құралдарымен жабдықталған.Ағзаның негізгі өмірлік параметрлеріне үздіксіз қадағалау жүргізіледі. Қазіргі заманғы «NihonKohdenмониторинг фирмасының орталық станциясы көмегімен, «AITECS» фирмасының толық спектрлі мөлшерлеуші аппаратары,науқасты жылыту жүйелерімен, денедегі тесілген орын болмауына қарсы матрастармен,тамақтануға арналған энтеральды сорғыштармен , инфузиялық ерітінділерін жылу жүйелері орнатылған.Бөлімдеорталықтанған жүйе арқылы өттегі, ауа беріледі, қабырғаға орнатылған консоль көмегімен вакуумдық аспирациялық жүйе бар. Санитарлық режим ламинарлы ағын жүйесі мен бөлмені тазалаумен қамтамасыз етіледі. Жазда палаталарда кондиционерлеу жүйесі жұмыс істейді. Бөлімде детоксикацияның заманауи тәсілдерін өткізуге жағдай бар («жасанды бүйрек», «жасанды бауыр"GAMBRO фирмасынан). «Fresenius» фирмасының «МULTIFILTRATE» аппаратымаскүнемдіктіемдеудің кеңейтілген әдістеріне арналған (гемодиафильтрация, гемофильтрация, плазмалық бөлу, гемосорбция, оқшауланған ультрафильтрация).

Наши врачи
Ссылки