Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Симуляциялық орталық

Симуляциялық орталық

«Педиатриядағы симуляциялық оқыту - кәсіби даярлаудың қазіргі заманғы тәсілі»


Симуляциялық орталық жетекшісі -

ҚР ұлттық жаттықтырушы, дәрігер-педиатр

Темірашева Лаура Жеңісқызы

Қазіргі әлемде компьютерлік технологиялар әрқайсымыздың өмірімізге сенімді түрде енеді,сондықтан медицина қызметкерлерін симуляциялық оқыту ерекшелік болмады Симуляциялық технологиялар практикалық денсаулық сақтауға елеулі көмек көрсетеді. Медициналық симуляция дегеніміз–білім алушыларды қате жіберуге болатын қауіпсіз ортада сирек және қауіпті жағдайлармен таныстыру әдісі болып табылады.Мұндай әдістемелерді білім беру үрдісінде қолдану — білімалушыға нақты клиникалық жағдаймен қауіпсіз ортада танысуына мүмкіндік береді, өзінің қандай мәселелерге назар аудару керектігін, күрделі шиеленісті жағдайлардан шығу жолдарын, топта жұмыс істей білу қабілеттілігін шыңдайды. Әртүрлі медициналық бағыттағы дағдылар мен шеберлікке оқыту- пациентке ешқандай қауіп төндірмейді. Муляждар, фантомдар және виртуалды тренажерлар бойынша оқыту тиімді және қауіпсіз болып табылады. Қазіргі уақытта ана мен баланы қорғау қызметтерінің жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі, нәресте өліміне қарсы тұру болып табылады. Сондықтан, педиатрия мен неонатологиядағы күрделі жағдайларда білікті медициналық көмек көрсету ерекше маңызды. Ақтөбе облысының педиатрлық бейін бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасының оқу-ресурстық орталығы базасында ИВБДВ имитациялық оқу орталығы құрылды.

Орталық жетекшісі ИВБДВ өңірлік үйлестірушісі, ҚР ұлттық жаттықтырушысы14 жыл жұмыс тәжірибесі бар, дәрігер педиатр Темірашева Лаура Жеңісқызы, Орталықта тәжірибелі жаттықтырушы — Имангулова Амангуль Сагнаевна, 5 жылдан астам тәжірибесі бар педиатр. Нұсқаушылар «CAE Healthcare» Халықаралық академиясының менеджері А. Е. Веревкинде робот-симуляторда оқыту курсін өтті.

Орталықтың басты мақсаты — білім алып жүрген денсаулық сақтау саласының мамандарына жоғары технологиялық компьютерленген робот-симулятор, муляж және тренажерлар қолданып, шынайы жағдайларға ұқсас клиникалық жағдайларды модельдеу және әрекеттер алгоритмін игеріп жасауға мүмкіндік беретін симуляциялық технологияларды қолдануымен имитациялық білім беруді ұйымдастыру және жүргізу арқылы үздіксіз кәсіптік білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру. Біздің симуляциялық орталық жоғары шындық тұрғысындағы симуляциялық құралдарын пайдаланып, дәрігерлер мен медбикелерге арналған тренингтер өткізеді.

Орталықтың құрылымы:

— педиатрия бойынша оқу бөлмесі

— неонатология бойынша оқу бөлмесі

— ЖӨР дағдыларына жетілдіру бойынша оқу бөлмесі

— оқу бөлмесі — қабылдау бөлімі

— негізгі мейірбикелік технологияларды дамытуға арналған оқу бөлмесі

— ИВБДВ ресурстық орталығы

— ИКАТ бағдарламасының меңгеру үшін компьютерлік класс (ауру баланы жүргізу дағдыларын игеру)

— баланың ерте жетілу бөлмесі (сау баламен жұмыс істеу дағдыларын игеру)

— дебрифинг үшін оқу бөлмесі

Симуляциялық орталығының барлық бөлмелері дебрифингті бақылау және өткізу үшін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Механикалық тренажерлар, электронды фантомдар, компьютерлік симуляторлармен жабдықталған оқу модульдері, базалық медициналық және мамандандырылған медициналық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, нақты медициналық жабдықтар неонатологиядағы реанимация және қарқынды терапияны мүмкіндігінше ауруханаға жағдайына жеткізеді. Біздің орталығымыздағы компьютерлік симуляторлар арасында, балалардың барлық физиологиялық қасиеттеріне ұқсаған (адамға ұқсас)симуляторларларерекшеорын алады. Шындық тұрғысында VI деңгейге жатады. Адамға ұқсас симуляторлар негізінде, ең озық сандық және компьютерлік технологиялар тұр. Бұл симуляторлар адамның барлық физиологиялық процестерін шынайы түрде имитациялайды, онда медицина қызметкерлері реанимация, анестезия құралы және тағы басқаларын меңгере алады. Олардың кейбіреулерін атап өткен жөн:

— BabySim компьютерленген робот-симулятор (неонатологиядағы реанимация);

Робот-симулятор алты айлық нәрестенің жоғары технологиялық компьютерленген моделі болып табылады. Робот автоматты түрде нәрестеге тән жүрек өкпелі, метаболикалық, неврологиялық және басқада физиологиялық реакцияларды дәрігер манипуляциясына және дәрілердін енгізуіне сезімтал әрекетін көрсетеді. Роботтың жоғары шынайлығы оқу мен тәжірибенің арасындағы кемістігін азайттады, неонатологиядағы науқас балаға қауіп қатерсіз емідік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Бұл роботта мынадай негізгі сценарийлерді жасауға болады: бас сүйек қысымының көтерілуі,сәби шогі,вирустық бронхиолит, седативті-индукцияланған апноэ. Осындайжағдайды модельдеуге мүмкіндік бар: тілдің артқа ығысуы, ВДП обструкциясы, кеңірдекті интубациялау, ларингеалдық маска мен демпердені қолдану. Ол неонатологияға тән фармакологиялық препараттардың кітапханасымен жабдықталған.Оның көмегімен келесі манипуляцияларды жүргізе аласыз: өкпе, жүрек аускультациясы, жүректі тікелей емес массаждау, 3 бөлікте ЭКГ-ға түсіру, кардиостимуляция, дефибрилляция, синхрондалған кардиоверсия, плевра дренажы, ине шаншу әдісімен қысымды түсіру.

— PediaSim компьютерленген робот-симулятор (педиатрияның реанимациясында);

Қолдану аясы: практикалық дағдылар мен дағдыларды дамыту, педиатриядағы клиникалық ойлау мен техникалық емес дағдыларды дамыту. Бұл бес жастағы баланың манекені, онда мынадай негізгі сценарийлерді орындауға болады: гипоксемия бар диабеттік кетоацидоз, кездейсоқ артық мөлшерленгенде, электрожарақат, ЗЧМТ, тыныс алу жолдарының обструкциясы, пневмоторакспен жарақат. Бұл әлемдегі еңжетілген пациент бала симуляторы: ол желдету режиміне байланысты оттегі мен газ тәрізді анестетиктерді жұтады, көмірқышқыл газын әртүрлі концентрацияларда шығарады.

— «Кроха Павлик» компьютерленген робот-симулятор.

Ол неонаталдық имитациялық оқытуға арналған,шала туылған баланың әлемдегі ең кішкентай жоғары шынайы робот симуляторы. «Кроха Павлик» балаға керемет ұқсастығы бар, тыныс алу жолдарының шынайы анатомиясы және бірқатар ерекше функциялар, соның ішінде цианоз және гиперемия, тыныс алу, жүрек және ішек дыбыстарын аускультациялауға арналған жасандылармен жабдықталған. Қолдану аясы: тыныс алу дистресс синдромы, бейспецификалы ойықжаралы колит, апноэ.

Тиімді оқытуға қол жеткізу үшін, бірнеше кезеңнен тұратын тән құрылымы бар:

1кезең: теориялық оқыту — брифинг, тестілеу, тәжірибелік дағдыларды меңгеру. Алғашқыда практикалық дағдылар өңделеді: ЖӨР (СЛР), кеңірдек интубациясы, ауа өткізгішін орнату , венаға дәрі құю , кіндік тамырға қуыс тетігін енгізу.

2 кезең: тәжірибелік дағдыларды қолдану, манекендер мен муляждарды пайдалану. Тыныс алу, кеуде қуысының қысылуын қалпына келтіру, қан тамырларына қолжетімділікті қамтамасыз ету, көлемі мен жылдамдықты есептеу және графикалық мониторингі параметрлерін анықтау және түсіндіру.

3 кезең: робот-симуляторында жаттығу.Бастапқыда робот және оның бар мүмкіндіктеріментанысу.

4 кезең: Сценарийлермен жұмыс істеу және роботты қосу.Курсанттар өз бетінше жұмыс істей бастайды.

Осылайша, педиатриядағы симуляциялық оқыту және дамыған клиникалық сценарийлер командалық жұмысты, қарым-қатынастың тиісті дағдыларын дамытуға, сондай-ақ,балалардың денсаулығына зиян келтірмей кәсіби мінез-құлық нысандарындамытуға ықпал етеді. Жұмыстың тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, кері байланыс болып табылады. Оқу аяқталғаннан кейін курсанттарға сауалнама жүргізіледі. Осы сауалнамаларды талдау симуляциялық оқытуға деген жоғары сұранысты көрсетті. Қазіргі заманауи технологияларды қолдану, медициналық қызметкерлердің кәсіби және жеке құзыреттілігін арттырудың негізгі компоненті болып табылады және Ақтөбе облысының балаларына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Наши врачи
Ссылки