Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Жүкті әйелдер мен жаңа босанған әйелдерге арналған бөлімше

Жүкті әйелдер мен жаңа босанған әйелдерге арналған бөлімше

27 май 2019, Понедельник
5 388
0

Жүкті және босанатын әйелдерге арналған патология бөлімшесі


Босандыру қызметінің құрамында жүкті және босанатын әйелдерге арналған патология бөлімшесі жұмыс жасайды, онда жүкті әйелдерді емдейді және босануға дайындайды. Бұл ретте жоғары қауіп тобындағы жүкті әйелдерге ерекше көңіл бөлінеді, ауыр экстрагениталдық патологиясы (қант диабеті, бүйрек, қан және жүрек-қан тамырлары аурулары), акушерлік асқынулары бар жүкті әйелдерді тексерудің, диагностикалаудың және емдеудің барлық заманауи әдістері қолданылады.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

* жүктілік патологиясын анықтау және емдеу;

* жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын алу;

* ауруханаға жатқызу;

* босануға, атап айтқанда, кесарь тілігіне және бала емізуге дайындық;

* кеңес беру және психологиялық қолдау.

Жүгіну үшін айғақтар:

* гестоз;

* толық мерзімде/немесе декомпенсация сатысындағы экстрагениталдық патология

* мерзімінен бұрын босану қаупі;

* құрсақішілік ұрық дамуының тоқтап қалуы

* жатыр мойны патологиясы;

*резус-конфликт аясындағы жүктілік.

Бөлімшеде диагностикалық мақсатта трансвагинальды эхоскопияны қолданумен Ультрадыбыстық диагностика; жүктіліктің II және III триместрлерінде доплерометрия, ұрықтың жүрек соғысын бағалау үшін ұрықтың кардиомониторингі қолданылады.

Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде тәулік бойы акушер-гинеколог дәрігер жұмыс жасайды. Белгіленген тәртіппен жүкті әйелдерге келіп қан қысымы мен тамыр соғысын өлшеу тәулігіне 2 рет жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда персонал тамыр соғысын және артериялық қысымды жиі өлшей алады.

Көрсеткіштер бойынша биохимиялық, клиникалық және басқа зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Емдеу-диагностикалық іс-шаралар ДДСҰ клиникалық хаттамалары мен ұсынымдарына сәйкес жүргізіледі. Бөлімшеде жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігер, тәуелсіз сарапшы С.Т.Бозғалиева ішкі аудит процедурасын жүргізеді.

Бөлім қызметкерлері жүкті әйелдерді босануға психотерапиялық дайындауда маңызды рөл атқарады. Медициналық қызметкерлер әйелдерге жүктілік кезінде олардың психоэмоционалды жағдайын қалай бақылауға, тұрақты стресстерге қарсы тұруға үйретеді, психотерапевт кеңестері беріледі.

Патология бөлімшесінде барлық палаталар жайлы, жылы, жүкті әйелдерге арналған функционалдық кереуеттері бар. Әр палата душ пен санитарлық тораппен жабдықталған. Сондай-ақ, бір және екі орындық жеке душ кабиналары мен санитарлық тораптары бар.

М.Оспанов атындағы БҚМУ № 1 акушерия және гинекология кафедрасының қызметкерлері (кафедра жетекшісі - профессор С.Ю.Шиканова) практикалық дәрігерлермен бірлесіп жұмыс жасайды,біргежұмыс сапасына жауапты.

Марат Оспанов атындағы

1 акушерия және гинекология кафедрасының ұжымы



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки