Телефон доверия:
8 (7132) 53-42-46
Call-центр:
8 (7132) 22-77-07 (КДЦ)
8 (7132) 24-83-21 (детский стационар)
» » Пациенттерге арналған ескертпе

Пациенттерге арналған ескертпе

217
0
Құрметті пациенттер!
Стационарлық медициналық ем алғанкезде, оңемді кәсерге қолжеткізу үшін,ауруханаға түскенде (ересектер үшін) күн тәртібімен және белгіленген тәртіптеме мен танысып,онықатаң сақтауыңыз тиіс. Ауруханаға жатқызу кезінде пациентте: өзінің жеке басын куәландыратын құжат; белгіленген нысандағы дәрігер жолдамасы; амбулаторлық карта, жеке гигиеналық заттары болуы тиіс.
Стационарда Сізге 10 күнде бір рет немесе ластанғанда алмастырылатынтаза төсек заттары бар бөлмеде жеке орын,жеке заттарыңызды сақтауға арналған кереуеталды қысқа бағана беріледі. Сізге санитарлық-гигиеналық нормаларға қайшы келмейтін жеке киіміңізде болуыңызға рұқсат етіледі, бірақ ауыстырмалы аяқ киім болуы керек.
Сіз күніне үш рет тамақпен қамтамасыз етілесіз.Тамақтану үшін асхана, ыдыс-аяқ, аспаптар бар.Тоңазытқыштарда санитарлық нормалармен рұқсат етілген тағамдар қорын сақтаңыз.Тоңазытқыштарда өнімді сақтау мерзімі және сақтауға тыйым салынған өнімдердің тізімі көрсетіледі.Әрбір қабатта, холда арнайы белгіленген уақытта туыстарыңызбен кездесуге болады. Пациенттерге ауруханада алкоголь ішуге және темекі шегуге тыйым салынады.Өзіңізбен бірге бағалы заттарды сақтауға болмайды (Медициналық қызметкерлер жоғалған жағдайда жауапты болмайды). Күтушінің болуы бөлім меңгерушісімен келісілуі тиіс.
Егер бөлімше маңынан тыс жергесеруендеуге немесе туыстарыңызбен кездесуге кететін болсаңыз, пост мейірбикесін ескертуіңіз қажет. Жұмысқа уақытша жарамсыздық парағына бөлімшеден рұқсатсыз шықсаңыз, тәртіптемені сақтамаған жағдайда, тәртіпті бұзғаныңыз туралы белгілейміз.ҚР „Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы“ Кодексінің159 бабына сәйкес, темекі бұйымдарын денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында шегуге тыйым салынады. Заңды бұзған жағдайда (ҚР Кодексі) науқас ауруханадан шығарылады. Пациенттер бөлім тәртіптемесін ұстану керек, таңғы астан кейін палатада болуы тиіс, себебі осы уақыттадәрігердің пациенттерді қарап өтуі мен медициналық тағайындауы басталады.
Пациенттің тыныштық пен тынығуы — емделудің нәтижесіне оң әсер ететін факторлар болып табылатыны есіңізде болсын.Сондықтан, ауруханада болу кезінде барлық дәрігер тағайындауларын және бөлім тәртіптемесін қатаң орындауыңыз керек.

Күндізгі ұйқы („Тынығу сағаты“) — сағат 14.00-ден сағат 17.00-ге дейін. Ұйқыға жату– сағат 22.00 -де.
Пациентпен қатынасу уақыты мен күнделікті туыстары мен кездесу:
сағат 12:00–ден сағат 14:00–ге дейін.
сағат17:00-ден сағат19:00-ге дейін.
Аурухана бас дәрігерінің бұйрығымен жарияланған карантин кезеңінде науқастарға баруға тыйым салынады.Сауқат қабылдау және олардың жеткізілуін, анықтама қызметінің қызметкерлері жүзеге асырады.
Ауруханадан шығару күнсайын сағат 17:00 дейін жүргізіледі, дәрігер ол туралы Сізді алдын ала хабарлайды және әрі қарай емдеулуге нұсқау береді. Құжаттарды беру (эпикриз және қажет болған жағдайда еңбекке жарамсыздық парағы). Шығару орталығында немесе бөлімнің аға мейірбикесінде жүргізіледі.Олардың әрекеттерімен қанағаттанбаған жағдайда, Сіз ШЖҚ "AKTOBE MEDICAL CENTER" МКК-нің Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау Қызметіне жүгіне аласыз.

Сенім телефоны: 53-42-46.
Сіздерге зорденсаулық және тез арадас ауығуыңызды тілейміз!
Құрметпен, ШЖҚ "AKTOBE MEDICAL CENTER" МКК-нің Әкімшілігі.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки