Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Пациенттердің құқықтары мен міндеттері

Пациенттердің құқықтары мен міндеттері

190
0

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

ҚР2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі


134-бап. Пациенттердің құқықтары

1. Пациенттің осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген құқықтардан басқа:

1) профилактика, диагностика, емдеу процесінде өзіне лайықты қарауына, өзінің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетілуіне;

  2) қандай да бір кемсітушілік факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық өлшемшарттар негізінде айқындалатын кезектілікпен медициналық көмекке;

   3) шұғыл және кезек күттірмейтін көмек көрсету жағдайларын қоспағанда, ТМККБК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрігерді немесе мед. көмек ұсынатын медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға;

  4) медициналық ұйымда аудио-, және (немесе) бейнебайқау және жазба жүргізілетіндігі туралы құлақтандырылуына;

  5) медициналық технологиялардың қолда бар деңгейінің қаншалықты мүмкіндігі болса, сондай шамада дерт азабының жеңілдетілуіне;

  6) өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат (пациентке қолжетімді нысанда ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің ықтимал тәуекелі мен артықшылықтары туралы деректер, емделуден бас тартудың ықтимал салдары туралы мәліметтер, диагноз, емдік іс-шаралардың болжамы мен жоспары туралы ақпарат, сондай-ақ оны үйіне шығару немесе басқа медициналық ұйымға ауыстыру себептерінің түсіндірмесі) және тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізілуіне;

  7) көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған адамдар үшін қолжетімділік ескеріле отырып, өз құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы көрсетілетін қызметтердің құны және бірлесіп төлеу мөлшері, олардың ұсынылу тәртібі; тағайындалатын дәрілік зат; өзіне медициналық қызметтер көрсететін медицина қызметкерлері туралы ақпаратты алуға;

  8) оқу процесіне қатысудан, сондай-ақ емдік-диагностикалық емшаралардың жүргізілуі кезінде үшінші тұлғалардың қатысуынан бас тартуға құқығы;

  9) ҚР заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.

  2. Пациенттің құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылады.

  3. Медициналық көмек алуға пациенттің хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін ұсынылады. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің хабардар етілген келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.

 4. Пациент өз денсаулығының жай-күйі туралы ақпаратты хабарлау қажет болатын адамды тағайындай алады. Денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат пациенттен оның денсаулығының жай-күйі ескеріле отырып, жасырылуы және пациенттің жұбайына (зайыбына), оның жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне хабарлануы мүмкін.

5. Пациенттердің құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

135-бап. Пациенттердің міндеттері

1. Пациент осы Кодекстің 12-тарауында көрсетілген міндеттерден басқа:

1) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;

2) медициналық қызметкерлерімен қатынаста құрмет пен сабырлық танытуға;

3) ауруға диагноз қою және оны емдеу үшін қажетті барлық ақпаратты дәрігерге хабарлауға; медициналық араласуға келісім бергеннен кейін мед. қызметкерлерінің тағайындауын мүлтіксіз орындауға;

4) медициналық көмек алу кезінде медициналық ұйымның ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтауға және мүлкіне ұқыпты қарауға, мед. персоналымен ынтымақтастықта болуға;

5) диагностика мен емдеу процесінде, сондай-ақ айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар не оларға күдік туындаған жағдайларда, өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы медицина қызметкерлеріне уақтылы хабарлауға;

6) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын әрекеттер жасамауға;

7) ҚР заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

2. Пациенттердің осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген міндеттері стационарда ауру балаға күтімді тікелей жүзеге асыратын ата-анасына немесе өзге де адамдарға қолданылады.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

ҚР2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі


77-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары:

1. ҚР азаматтарының:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға;

2)ТМККБК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге;

 3) дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауға;

4) пациент стационар жағдайында емделуде болған жағдайда емдік тамақ алуға;

  5)ТМККБК тыс және (немесе) МӘМС жүйесінде өз қаражаты, ұйымдардың, ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің қаражаты және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де көздер есебінен қосымша медициналық көмекке;

  6) ақылы негізде медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді алуға;

  7) көрсетілімдер болған кезде бюджет қаражаты есебінен уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ҚР шегінен тыс жерде медициналық көмек алуға;

  8) ҚР заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін куәландыратын тиісті құжаттарды алуға және олардың берілуіне;

  9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзыреті шегінде аурудың профилактикасы, оны диагностикалау, емдеу және медициналық оңалту әдістері, клиникалық зерттеулер, мекендеу ортасының жай-күйін, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын қоса алғанда, денсаулыққа әсер ететін факторлар, дұрыс тамақтану мен тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы анық ақпаратты өтеусіз және тұрақты түрде алуға;

10) мемлекеттік органдардан, тәуелсіз сараптама ұйымдарынан және дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерден өткізілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы ақпарат алуға;

11) медицина қызметкерінің құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуына;

12) ҚРзаңнамасына сәйкес өздеріне мед. көмек көрсету кезінде денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;

 13) ҚР заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына;

 14) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға;

 15) мемлекеттік медициналық сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда, тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы жоғары тұрған органдарға өтінішхат беруге;

 16) донор ретінде әрекет ету мүмкіндігі туралы ерікті түрде ерік білдіруге;

17) қайтыс болғаннан кейін осы Кодексте айқындалған тәртіппен трансплантаттау мақсатында өздерінен тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзаның бөлігін) алуға келісу не алудан бас тарту туралы ерік білдіруге;

 18) емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға;

19) бірлесіп төлеуге;

  20) жазылмайтын созылмалы ауруларды емдеу кезінде ауырсынуды басатын ем алуға;

  21) денсаулық жағдайы туралы ақпаратты, оның ішінде медициналық зерттеп-қарау нәтижелері, диагнозы туралы және аурудың болжамы, медициналық көмек көрсету әдістері, олармен байланысты тәуекел, медициналық араласудың ықтимал түрлері, оның салдарлары мен медициналық көмек көрсету нәтижелері туралы мәліметтерді қолжетімді нысанда алуға;

 22) аурулардың профилактикасы туралы ақпаратты қоса алғанда, денсаулықты сақтауға ықпал ететін немесе оларға жағымсыз әсер ететін факторлар, сан.-эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның жай-күйі, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптілігі, тамақтанудың ұтымды нормалары, өнімнің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі туралы анық және уақтылы ақпарат алуға құқығы бар;

 23) ҚР заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

2. Әйелдердің отбасын жоспарлау және өз денсаулығын сақтау мақсатында ана болу туралы мәселені шешуге және қаламаған жүктіліктің алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін еркін таңдауға құқығы бар.

  Азаматтардың ана болуды қорғау құқығы:

1) репродуктивтік жастағы әйелдерге медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен, оларды динамикалық байқаумен және сауықтырумен;

2) әйелдердің репродуктивтік денсаулығына және науқас баланы күтіп-бағу бойынша стационарға түскен кезде баланың денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі ауруларды медициналық көрсетілімдері бойынша емдеумен қамтамасыз етіледі.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

ҚР2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі


79-бап. ҚР азаматтары мен отбасының ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы құқықтары. 1. ҚР азаматтары:

1) репродуктивтілікті еркін таңдауға;

2) репродуктивтік денсаулықты сақтау және отбасын жоспарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға;

3) өзінің репродуктивтік денсаулық жағдайы туралы анық және толық ақпарат алуға;

4) бедеуліктен, оның ішінде ҚР рұқсат етілген репродуктивтіліктің қазіргі заманғы қосалқы әдістері мен технологияларын қолдана отырып емделуге;

5) қаламаған жүктілікті болғызбауға;

6) ана болу қауіпсіздігіне;

7) жыныстық жасушалардың, репродуктивтік ағзалар тіндерінің донорлығына;

8) контрацепция әдістерін пайдалануға және еркін таңдауға;

9) хирургиялық стерилизациялауға;

10) жүктілікті жасанды үзуге;

11) өздерінің репродуктивтік құқықтарының қорғалуына;

12) балалардың санына және олардың некеде немесе некесіз туу уақытына, туу арасындағы ана мен баланың денсаулығын сақтау үшін қажетті аралықтарға қатысты шешімді еркін қабылдауға;

13) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен жыныстық жасушаларды, репродуктивтік ағзалардың тіндерін, эмбриондарды сақтауға құқылы.

 2. Азаматтар өздерінің репродуктивтік құқықтарын жүзеге асыру кезінде басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға міндетті.

3. Азаматтардың медициналық көрсетілімдер бойынша отбасын жоспарлау, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың болуы мәселелері бойынша, отбасы-неке қатынастарының медициналық-психологиялық аспектілері бойынша консультацияларға, сондай-ақ ұрпағындағы ықтимал тұқым қуалаушылық және туа біткен аурулардың алдын алу мақсатында медициналық ұйымдарда медициналық-генетикалық және басқа да консультациялар мен зерттеп-қарауларға құқығы бар.

4. Жедел босандыру жағдайларын қоспағанда, әйелдің денсаулық жағдайы ескеріле отырып, оның келісімі болған кезде, босандыру ұйымдарында тиісті жағдайлар (жеке босану залдары) болған және әкесінің немесе отбасының өзге мүшесінің инфекциялық аурулары болмаған кезде баланың әкесіне немесе отбасының өзге мүшесіне бала туған кезде қатысу құқығы беріледі. Мұндай құқықты іске асыру өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

 5. АИТВ инфекциясын жұқтырған ҚРазаматтарының ҚР заңнамасына сәйкес ҚР басқа азаматтарымен тең дәрежеде балаларды асырап алуға құқығы бар. 6. АИТВ инфекциясын жұқтырған ҚР азаматтарының ҚР заңнамасына сәйкес қосалқы репродуктивтік әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар.

80-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері:

1) өз денсаулығын сақтаудың қамын жасауға, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуға ортақ жауаптылықта болуға;

2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңына сәйкесМӘМС жарналар төлеуге;

3) проф. медициналық қарап-тексерулерден, скринингтік зерттеулерден өтуге;

4) мед. қызметкерлерінің жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты тағайындауларын орындауға;

5) өз денсаулығын басқару процесіне, оның ішінде созылмалы аурулар бар болған кезде оларды басқару бағдарламаларына қатысуға, ауру мен оны емдеу әдістері, ықтимал тәуекелдер мен асқынулар туралы ақпарат алуға мүдделі болуға;

6) медицина қызметкерлеріне өз организмінің жеке ерекшеліктері туралы хабарлауға;

 7) өз денсаулығы мен айналасындағылардың денсаулығын сақтау бойынша сақтық шараларын сақтауға, денсаулық сақтау субъектілерінің талап етуі бойынша зерттеп-қараудан және емделуден өтуге, медициналық персоналды айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық және өзге де ауруларының өздерінде бар екендігі туралы хабардар етуге;

8) ҚР ДС саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті. АИТВ инфекциясын қоспағанда, айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын Қ Р азаматтары зерттеп-қараудан және емделуден жалтарған жағдайда, осы Кодекске және ҚР заңдарына сәйкес мәжбүрлеу тәртібімен куәландыруға және емдеуге тартылады.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

ҚР2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі


81-бап. Жүкті әйелдер мен аналардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері. 1. ҚР мемлекет ана болуды қорғайды және көтермелейді.

2. Азаматтардың емшек сүтімен тамақтандыруды қолдауға, оның ішінде емшек сүтімен тамақтандыруды қорғауға және насихаттауға құқығы бар:

 1) жүкті және бала емізетін әйелдердің құқықтарын қорғау емшек сүтімен тамақтандыруға дайындау және оны іске асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған (жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жас сәби балаларды тамақтандыруға арналған қосымша жұмыс үзілістері, толық емес жұмыс уақыты, медициналық ұйымдарда кезектен тыс қызмет көрсету, ана мен бала бөлмелерінің көрсетілетін қызметтерін пайдалану және басқасы);

2) алты айға дейінгі балаларды тек қана емшек сүтімен тамақтандырудың және екі жасқа дейін және одан ұзақ дұрыс қосымша тағаммен бірге емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастырудың артықшылықтары туралы халыққа ақпарат беруді қамтиды.

 3. Жүкті әйелдердің: 1) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін, оның ішінде шарананың тірі тууы мен өлі тууының халықаралық өлшемшарттарында айқындалатын мерзімінен бұрын босану кезінде ҚР аумағында рұқсат етілген әдістерді қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмекке;

 2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін медициналық көмекке;

 3) зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуларды кешіктіру әйел мен баланың (шарананың) өміріне қауіп төндіретін, зерттеп-қарауды, емдеуді және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешімді дәрігер немесе консилиум қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезеңінде өздерінің немесе заңды өкілінің келісімімен ғана зерттеп-қаралуға, емделуге және медициналық араласуға;

4) ҚР еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты режимінің, жүктілікке және босануға байланысты демалыстың, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыстың және жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың еңбек жағдайларының сақталуына;

 5) бала емізетін аналарға (ата-аналарға) білікті қолдау көрсетілуіне, лактация мәселелері, тек қана емшек сүтімен тамақтандыру және қосымша тамақтандыру әдістемесі бойынша оқытылған медицина қызметкерлерінің консультациялары берілуіне;

6) балаға достық ниеттегі медициналық ұйымдар іске асыратын, емшек сүтімен тамақтандыру практикасын қолдауға;

 7) жұмыс орны, лауазымы және орташа жалақысы сақтала отырып, жүктілікке байланысты он екі аптаға дейін зерттеп-қаралуға және медициналық есепке қоюға жұмыс берушінің уақыт беруіне;

8) ҚР заңдарына сәйкес өзге де кепілдіктер мен көтермелеулерге құқығы бар.

4. Жүкті әйелдер: 1) жүктіліктің он екі аптасына дейінгі мерзімде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызмет көрсету үшін бекітілген жері бойынша жүктілікке байланысты медициналық есепке тұруға;

2) жүктілік кезеңінде, босану кезінде және босанғаннан кейін дәрігердің ұсынымдарын орындауға міндетті. 5. Егер әйел жүктілік үшін қарсы көрсетілімдер болған кезде жүктілікті жоспарласа, онда ол әйелдің өзі мен шарананың денсаулығына жүктілік кезінде және босанғаннан кейін күнтізбелік 42 дейін болатын барлық тәуекел үшін жауаптылықты толығымен өзіне алады.


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»

ҚР2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі


136-бап. Медициналық көмектен бас тарту құқығы

      1. Осы Кодекстің 137-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пациенттің немесе оның заңды өкілінің медициналық көмектен бас тартуға құқығы бар.
      2. Медициналық көмектен бас тартқан кезде пациентке немесе оның заңды өкіліне медицина қызметкері пациентке немесе оның заңды өкіліне қолжетімді нысанда ықтимал салдары туралы түсінік береді.
      3. Медициналық көмектен бас тарту ықтимал салдары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарда жазбамен, оның ішінде электрондық форматта ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
      Пациент не оның заңды өкілі медициналық көмектен бас тартуға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, бұл жөнінде медициналық құжаттамада тиісті жазба, оның ішінде электрондық форматта жүзеге асырылады және оған медицина қызметкері қол қояды.
      4. Кәмелетке толмаған не әрекетке қабілетсіз адамның заңды өкілдері аталған адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажетті медициналық көмектен бас тартқан кезде медициналық ұйым олардың мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық және қамқоршылық органына және (немесе) сотқа жүгінуге құқылы.

137-бап. Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсету

      1. Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсетуге:
      1) өз еркін білдіруге мүмкіндік бермейтін есеңгіреген, ес-түссіз күйдегі;
      2) айналадағыларға қауіп төндіретін аурулары бар;
      3) ауыр психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар;
      4) қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған психикалық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға қатысты жол беріледі.
      2. Осы Кодекстің 78-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты медициналық көмек көрсетуге келісімді және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар үшін келісімді олардың заңды өкілдері береді.
      3. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға қатысты келісімсіз медициналық көмек көрсету туралы шешімді - консилиум, ал консилиумды жинау мүмкін болмаған кезде медициналық ұйымның лауазымды адамдарын кейіннен хабардар ете отырып, тікелей медицина қызметкері қабылдайды.
      4. Пациенттің келісімінсіз медициналық көмек көрсету осы баптың 1-тармағында көзделген негіздер жойылғанға дейін жалғастырылады.


Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки