Справочная
8 (713 2) 53-42-65

Емделуші үшін жаднама

1 972
0

Емделуші үшін жаднама

Қадірлі емделуші!


Сізге стационарға жатарда Ақтөбе Медициналық орталығының ішкі тәртібімен, күн тәртібімен танысу қажет, және де бұлар стационарлық ем кезінде қатаң сақталуы тиіс. Емделушіге стационарға жатарда өзімен бірге куәландыратын жеке куәлігін, бекітілген түрдегі дәрігер жолдамасы, амбулаторлық карта және жеке бас гигиенасының заттары болуы тиіс.

ШЖҚ «Aktobe Medical Center» МКК Сізге палатада таза жаймалы бөлек орын ұсынады, жаймасы 10 күнде 1 рет немесе кірленуіне қарай алмастырылып отырады. Керует жанындағы тумбочкада өзіңіздің жеке заттарыңызды сақтайаласыз. Санитарлық-гигиеналық нормаға қайшы келмейтін өз киіміңізді киюге рұқсат етіледі, бірақ алмастырылатын аяқкиім болуы керек.

Сізді үш мезгіл тамақтандырады. Тамақ ішетін асхана, ас ішетін ыдыс және құралдар беріледі. Санитарлық нормамен рұқсат етілген тамақтарды тоңазытқышта ұстауға болады.Тиым салынған тамақтар тізімі және сақтау ұзақтығы тоңазытқышта жазылған.

Әр қабаттың дәлізінде Сіз арнайы бөлінген уақытта туыстарыңызбен кездесе аласыз. Емделушілерге спиртті ішімдіктерді ішуге және аурухана жайында темекі шегуге тиым салынған. Өзіңізбен бірге құнды заттарды сақтауға тиымсалынған (медицина қызметкерлері заттарыңыз жоғалса жауапкершілі калмайды). Күтуші адам болса, бөлім меңгерушісімен келісу керек.

Егер Сіз серуендеуге немесе туыстарыңызбен аурухана аумағынан тыс жерде кездесетін болсаңыз, қадағалау орны мейірбикесіне ескертіңіз. Бөлімнен өзеркімен кетсе, күн тәртібін және ішкі тәртіпті бұзғаны үшін шығарылғандығы туралы еңбекке жарамсыздық парағына белгі қойылады. ҚР Кодексі «Халық денсаулығы және денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесінің» денсаулық сақтау ұйымдарында темекі шегуге тиым салынған. Заңды (ҚР Кодексін) бұзса, күні бұрын ауруханадан шығарылады. Емдеуші дәрігерлер мен медицина бикелері ұсынған барлық тағайындауларды орындау қажет. Палатада және бөлімнің басқа жайларында тазалық және ұқыптылық сақтаңыз. Арнайы орында орнатылған қоқыс контейнері бар. Емделуші үшін тыныштық пен жайлылық-емдеу барысында жағымды әсерететінін естен шығармаңыз.


Күндізгіұйқысағат 14:00-ден 17.00-ге дейін, түнгіұйқысағат 22.00-де.

Емделушініңтуыстарыменкездесууақытыкүнсайын:

Сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін

Сағат 17.00-ден 19.00-ге дейін.


Аурухананың бас дәрігері бұйрығымен жарияланған карантин кезінде емделушімен кездесуге тиым салынады. Сәлем-сауқат беруді анықтама бюросы қызметкерлері жүзеге асырады. Ауруханадан шығару күнсайын сағат 17.00-де. Бұл туралы емдеуші дәрігер күні бұрын Сізді хабардар етеді, әрі қарай емделу ұсыныстарын көрсетеді. Құжаттарды беруді (шығарылу эпикризі және қажет болса еңбекке жарамсыздық парағы) бөлімнің жетекші мейірбикесі сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін жүргізеді. Медициналық көмек сапасы жөнінде талабыңыз туындаса, Сіз бөлім меңгерушісіне немесе жетекші мейірбикеге айтасыз. Олардың әрекетіне қанағаттанбасаңыз ШЖҚ «Aktobe Medical Center» МКК Емделушілерге қолдау көрсету қызметі мен ішкі аудит қызметіне жүгіңіз.

Сенім телефоны: 53-42-52

Хабарласуүшін: 53-42-53- Бас дәрігер

53-43-08 - Медициналық директоры


Тездетіп сауығып кетуіңізді және денсаулығыңыздың мықты болуын тілейміз!


Құрметпен ШЖҚ «AKTOBE MEDICAL CENTER» МКК әкімшілігі.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки