Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » ТМКК берілген көлемінің тізбесі

ТМКК берілген көлемінің тізбесі

1 535
0
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту
ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысы


Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппенжедел медициналық көмек.

2.Медициналық авиация тартылатын жедел медициналық көмек.

3.Медициналық-санитариялық алғашқы көмек, оның ішінде:

4. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппенамбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.

5. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппенстационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек.

6.Стационарлық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

1) айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурулармен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды оқшаулау кезінде;

2) инфекциялық, паразиттік ауруларды және уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;

3) уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационардың қабылдау бөлімшесінде емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;

4) уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда көрсетіледі.

 7.Медициналық оңалту:1) негізгі ауруды емдеу кезінде; 2) туберкулезбен ауыратындарға.

8. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.

 9.Стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері және қан препараттары номенклатурасына сәйкес медициналық көрсетілімдер болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету.

10. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.

11.Қайтыс болғаннан кейінгі донорды ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, алу, консервациялау, дайындау, сақтау, ағзаларды (ағзаның бөліктерін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау.

12. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту.

13.ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, арнайы емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық препараттармен:

1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел көмек, сондай-ақ мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек;

2) оларға қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулар тізбесіне сәйкес МСАК;

3) белгілі бір аурулары бар (күйдегі) Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде қамтамасыз ету іске асырылады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки