Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» Урологиялық бөлімшесі

Урологиялық бөлімшесі

Урологиялық бөлімшесі 25 төсек орынға есептелген. Бөлімде эндоурологиялық аурулардың алдын алу және емдеуде инновациялық диагностикалық технологияларды белсенді қолданады, М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің урология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д.профессор О. М. Курмагалиевпен бірлескен жұмыс атқарылуда.


Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты уролог-дәрігер

Абат Тулебаевич Имжаров

Бөлімде жоғары білікті мамандар — м.ғ.к. доцент М. Н. Саркулов, ассистент К. Г. Сулейменов, ординатор Д. Ш. Абрешева, Т. А. Имжаров қызмет жасайды. Урологиялық бөлімнің тәжірибесіне эндоурологиялық хирургияның осындай әдістерін: қуықасты бездерінің қатерсіз ісіктердің қалыптасуында трансуретралдық резекция, бүйрек пен несепағар жолдарының тастарын байланысты және қашықтан ыдыратып жою, бүйректің лапароскопиялық және ретроперитонеоскопиялық хирургиясын енгізу, жамбас-несепағар сегметтеріне травматологиялық ашық жедел араласуларды,науқастардың оңалуынаның уақытын азайтты.

Ақтөбе облысындағы урологиялық қызметтің дамуы өткен ғасырдың 50-жылдарының басында, қалалық аурухананың хирургиялық бөлімінде бүйрек хирургиялық патологиясы бар және ерлердің репродуктивтік жүйесінің хирургиялық патологиясы бар науқастарды стационарлық емдеу үшін, 10 төсек орын ұйымдастырылған кез кіреді. Урологиялық қызметтің ізашарлары мынадай дәрігерлер болды: Б. У. Джарбусынов, П. А. Павлюк, Л. А. Гинзбург. Бөлімде С. Л. Жолковский, А. Ф. Рейфман, И. И. Фаткуллин, Л. Л. Забелина, Е. С. Мамбеталин секілді атақты уролог мамандар жұмыс атқарды. Ақтөбенің уролог дәрігерлері, Алматы қаласының Урология ғылыми-зерттеу орталығыныңакадемигі Бинеш Уразұлы Джарбусынов еңбек жолын біздің қалада бастағанын мақтан тұтады.


Урология бөлімінің медицина қызметкерлерінің жоғары біліктілігі, клиниканыңжоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілгені, қала және облыс тұрғындарына жоғары сапалы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Наши врачи
Ссылки