Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер!

5 283
0

Құрметті пациенттер!

Ақтөбе Медицина Орталығы — өз құрамында екі көп бейінді аурухананы (балалар мен ересектер) және кеңес беру-диагностикалық орталықты қамтитын ірі медициналық-диагностикалық мекемелердің бірі.

Елдің батыс өңірінің тұрғындары үшін біздің мекеме әртүрлі бейіндегі мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде кең ауқымды медициналық қызмет көрсетеді.

«Aktobe Medical Center» — бұл Қазақстандағы алғашқы аймақтық медициналық кластер. Біздің клиника қарқынды дамып келеді: жоғары технологиялық медициналық қызметтердің бірегей түрлері, соның ішінде трансплантациялау саласында, заманауи жабдықтарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу де, медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру мен жетілдіруге үлкен көңіл бөлінеді. Медициналық орталық қызметкерлері — үлкен тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар.

Медициналық кластердің ұжымы Сіздің денсаулығыңызды сақтауға және нығайтуға тырысады және біздің орталығымызда болу ыңғайлы және тез қалпыңызға келуіңізді қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Біздің мақсатымыз — сапалы және қауіпсіз медициналық көмек көрсету. Біз өзіміздің басты міндетіміз тек бізге бағытталған кез келген науқасқа медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар бізге сенім артқан адамдардың мәселесін мұқият қарауды көздейміз.

Медициналық орталықтың бірінші басшысы ретінде, мен орталықтың және оның мамандарының қызметі туралы кез-келген мәселе бойынша сіздерге кеңес беруге дайынмын. Мен әрдайым біздің қызметкерлердің жұмысы туралы өз пікіріңізді бағалаймын.

Сіздің мәселелеріңіз назардан тыс қалмайды!

Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз және оны іс жүзінде дәлелдеуге дайынбыз!

Құрметпен, бас дәрігер Султангереев Ерлан Бахытович


ЖАУАПТАРДЫ ҚАРАУ
ХАБАРЛАМА ЖІБЕРУ
Сообщения (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки