Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » «Ағзалық донорлықтың заманауи критерийлері» Халықаралық симпозиумы

«Ағзалық донорлықтың заманауи критерийлері» Халықаралық симпозиумы

06 май 2022, Пятница
174
0

2022 жылғы 5-6 мамырда Анкара қаласында (Түркия) «Ағзалық донорлықтың заманауи критерийлері» атты Халықаралық симпозиум өтті. Ақтөбе облысынан барған делегацияны Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.К.Исаев басқарды, делегация құрамына Ақтөбе медициналық орталығының трансплантолог дәрігерлеріСултангереев Е.Б., Рысмаханов М.С. қатысты.

Симпозиум аясында мүшелерді трансплантациялау, донорлық, түрлі терминалдық ауруларды диагностикалау және емдеу саласында медициналық технологияларды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Башкент университетінің медициналық клиникалар басшылығы арасында меморандумға қол қойылды. Меморандумға қол қою медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, бейінді мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған бірлескен жұмыстың жаңа кезеңі болып табылады.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки