Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Дүниежүзілік мейірбикелер күнін мерекелеу

Дүниежүзілік мейірбикелер күнін мерекелеу

11 май 2022, Среда
176
0

2022 жылғы 11 мамырда Ақтөбе медициналық орталығында Дүниежүзілік мейірбикелер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бас дәрігерЕ.Б.Султангереев құттықтау сөз сөйлеп, сапалы медициналық көмек көрсетудегі мейірбикенің маңызды рөлін және әртүрлі бейіндегі пациенттерді емдеуде жақсы нәтижеге қол жеткізуде орта буын медицина қызметкерлерінің баға жетпес үлестерін атап өтті.

Адал еңбегі үшін 23 мейірбике құрмет грамоталарымен марапатталды, «Мейірім» медалі Бегимбетова Ардақ (гастроорталығы), Оразбаева Нургуль (рентгенхирургия бөлімшесі), Базарбаева Мейрамгульге (босандыру бөлімі) табысталды. Мейірбикелерге арналған концерттік бағдарлама дайындалып, статкабинетінің меңгерушісі Аяпов Арман, оперблок мейіргері Аманбаев Заңғар, университет студенттері өздерінің музыкалық өнерлерін көрсетті.



Дүниежүзілік Мейірбикелер күні қарсаңында Ақтөбе медициналық орталығында өткізілген «Үздік мейірбике» байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарын марапаттау салтанатты түрде өтті. Стационардың клиникалық бөлімшелері арасындағы конкурста белсенді қатысқаны үшін 14 мейірбике Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен (5000 теңге) марапатталды, комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: III орынды екі қатысушы - терапия бөлімшенің мейірбикесі Купешова Гульфайруз және екпе жасау кабинетінің мейірбикесі Давлеткалиева Сауле (құрмет грамотасы және ақшалай сыйақы 10 000 теңге) иеленді; II орынды – инсульт орталығының мейірбикесі Төлепбергенова Айнұр (құрмет грамотасы және ақшалай сыйақы 15 000 теңге); I орын және құрмет грамотасы, ақшалай сыйақы 20 000 теңге, «Мейірімді мейірбике» төс белгісі урология бөлімшесінің мейірбикесі Шурипова Гюльнараға табысталды.


Онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша параклиникалық бөлімшелер арасындағы конкурстың жеңімпазы оперблок мейірбикесі Абдакимова Айгеримге құрмет грамотасы мен 5000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды. Құттықтаймыз! Адал еңбектеріңіз үшін рахмет!



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки