Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Мамандыққа арнау

Мамандыққа арнау

09 сентябрь 2022, Пятница
138
0

Ақтөбе медициналық орталығында кезекті жаңа оқу жылы - 2022 жылғы түлектерді жұмысқа қабылдау салтанатымен тұспа тұс келді. Әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің бастамасымен жас дәрігерлер мамандығына салтанатты түрде арнау өткізілді. Резидентураны бітірген соң АМО-на жұмысқа 4 дәрігер анестезиолог-реаниматолог, 3 терапевт, 3 уролог, 2 хирург, нейрохирург, ангиохирург, клиникалық фармаколог, оториноларинголог қабылданды.

Жас дәрігерлер резидентурада оқып жүріп Орталығымыздың түрлі бөлімшелерінде өз еңбек жолдарын қосымша атқарушы (совместитель) ретінде бастап кеткендерін атап өту қажет. Әр жас дәрігер өз салаларынан тәжірибелі мамандардан тәлімгерлерге бекітілді. Бас дәрігер, кафедра басшылары жас мамандарға жұмыстарына сәттілік тілеп, сөз сөйледі.

Орталығымыздың әкімшілігі университеттің кафедра жетекшілеріне, профессор-оқытушы құрамына кадрлар дайындау барысындағы көмек үшін және күнделікті жұмыс барысындағы қолдау үшін алғысын білдіреді.

Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки