Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы (Астана қ.) және Орталық клиникалық ауруханасы (Алматы қ.) жетекші мамандардың қатысуымен конференция

ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы (Астана қ.) және Орталық клиникалық ауруханасы (Алматы қ.) жетекші мамандардың қатысуымен конференция

18 январь 2023, Среда
99
0
2023 жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе медициналық орталығы базасында Астана және Алматы қалаларынан республикалық деңгейдегі жетекші мамандардың қатысуымен конференция өткізілді. Облыстың медицина қызметкерлері медицинаның өзекті мәселелері бойынша сарапшылардың баяндамаларын қызығушылықпен тыңдады, қонақтар ПІБ және ОКА жұмыс тәжірибесімен бөлісті, көрсетілетін медициналық қызметтер туралы айтып берді.
БМО амбулаториялық қызметінің заманауи мүмкіндіктерін өз презентациясында ПІБ БМО-ның директорының амбулаториялық көмек жөніндегі орынбасары, м.ғ.к. Әлия Асылбекқызы Тулеуова ұсынды; ПІБ БМО хирургия жөніндегі директордың орынбасары Мыңжылқы Сайлауұлы Бердиходжаев мидың қан тамырлары аневризмасын емдеудің заманауи әдістері туралы баяндама оқыды. Баяндамалар: «Аллергенге тән иммунотерапия мүмкіндіктері», баяндамашы - ОКА – аллерголог-дәрігері Джакибаева Зарина Бериковна; «ОКБ АҚ Паркинсон ауруын хирургиялық емдеу орталығында Паркинсон ауруын және басқа да қозғалыс бұзылыстарын нейрохирургиялық емдеу мүмкіндіктері», баяндамашы-Мырзаев Жаныбек Теміржанұлы - Паркинсон ауруын хирургиялық емдеу орталығының қозғалыс бұзылыстары бойынша маманы; «ОКА интервенциялық кардиология және эндоваскулярлық хирургия бөлімшесінде қолданылатын технологиялар» баяндамашы-кардиолог Майдыров Ержан Салаватұлы тыңдалды. ПІБ МО терапия бөлімінің меңгерушісі, кардиолог Гүлбану Жақсыбайқызы Князова БМО терапевтік қызметі туралы өз презентациясында толықтай баяндады. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саршаев Марат Аманағалиұлы «Микронейрохирургия. Экстраинтракраниальды микроваскулярлық анастомоз. Микроваскулярлық декомпрессия» баяндамасын оқыды. Айта кету керек, конференция ZOOM платформасында онлайн форматта бір уақытта көрсетілді.

Конференцияда ДСБ басшысының орынбасары Б.У.Ізбасаров,АМО-ның бас дәрігері Е.Б.Султангереев сөз сөйлеп, әріптестеріне консультативтік-әдістемелік көмек көрсеткені үшін, мастер-класстар өткізгені үшін алғысын білдірді, барлық бейінді мамандарға жұмыста табыс және медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды тіледі.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки