Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Хирургиялық радиожиіліктік абляцияны жүргізу аспектілері» тақырыбында шебер-класс өткізілді

Хирургиялық радиожиіліктік абляцияны жүргізу аспектілері» тақырыбында шебер-класс өткізілді

26 январь 2018, Пятница
1 157
0

2018 жылдың 12 қаңтарында «Aktobe Medical Center» көп бейінді ауруханасы базасында жоғары санатты дәрігер-кардиолог, Астана қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы А.С. Абдрахмановтың қатысуымен «Хирургиялық радиожиіліктік абляцияны жүргізу аспектілері» тақырыбында шебер-класс өткізілді.


Шебер-класс кезеңінде 38 жастан 50 жасқа дейінгі 3 науқасқа интервенциялық көмек көрсетілді. Бір жағдайда, 1980 жылы туылған науқас 13 жасынан бастап жүрек ырғағының бұзылуынан зардап шеккен,Темір ауданының тұрғыны, 48 жастағы екінші науқаста 3 жыл бойыжүректің ауырсынуымен жүрек қағуының бұзылу мазасын алған, консервативті емнің әсері жоқ болмаған. 2013 жылдан бастап, 50 жастағы науқастың мерзімді кезеңде жүрек ырғағының бұзылуы эпизодтары болған, олар бірте-бірте көбейіп, тыныс алудың жетіспеушілігімен, ентікпеден азап шеккен.

Барлық науқастарғажүрек ішілікэлектрофизиологиялық тексеру жүргізілді, оның соңында радиожиіліктік абляция жасалды. Біздің орталық базасында жүрек ырғағының бұзылуын электрофизиологиялық зерттеу әдістері арқылы диагностикалау 3 жыл бойыжүргізілуде, мамандар Астана қаласының ҰҒКО-да машықтанудан өтті және барлық манипуляцияларды дербес орындады.

Сонымен бірге, Республикалық Ғылыми Орталығыменынтымақтастық жалғасуда, медицина ғылымдарының докторы А.С. Абдрахмановтың басшылығымен дәрігер аритмологтар және интервенциялық кардиологтар теориялық білім деңгейін жоғарылатып, практикалық дағдыларын жетілдіруде.



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки