Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе медициналық орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу

Ақтөбе медициналық орталығында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу

07 март 2018, Среда
1 074
0

7 наурызда Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасы базасында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті!

Құттықтау сөзінде бас дәрігер Р. К. Исаев әйелдер жұмысын жоғары бағалады, күнделікті жұмыстары үшін зор ризашылығын білдіріп, мықты денсаулық, үйішінің амандығын, әйелдік бақыт тіледі.


Ұжымның тамаша жартысына құттықтау жылы сөздерін бас дәрігердің хирургиялық қызмет бойынша орынбасары Е.Б. Сұлтангереев және профессор Б. К. Джаналаев білдіріп, көктем — жаңару кезеңі екендігін, өмірді қайта жандандыру кезі келгенін және әрбір әйелдің өмірінде оң өзгерістер болуын тіледі.


Салтанатты жағдайда, аталмыш мерекенің құрметіне, жұмыстағы табыстары үшін, орталық қызметкерлеріне алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Концертте көктем мерекесіне, әйелдерге арналған әндер мен өлеңдер орындалды.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки