Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе медициналық орталығында Ашық есіктер күні

Ақтөбе медициналық орталығында Ашық есіктер күні

16 март 2018, Пятница
952
0

16 наурызда, «Наурыз» мерекесі қарсаңында, облыс тұрғындары үшін, Ақтөбе медициналық орталығында Ашық есік күні өткізілді. Бейінді мамандардың қабылдауыбалалар ауруханасы базасы мен көпфункциялы ересектер стационарында тегін негізде жүзеге асырылды.

Қайырымдылық акциясына М. Оспанов атындағы БҚММУ-нің профессор-оқытушылар құрамымен бірге, клиникалық бөлімшелердің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты. Осы күні 200 пациент тексерілді, оның ішінде 152 бала (76%), соның ішінде дәрігерге жүгінгендердің жалпы санының 24%-ы ауыл тұрғындары болып табылады.


Акция барысында пациенттер тесерілу мен емделу бойынша толық ұсыныстар алды, сонымен бірге, ересектердің 14,5% -ы және балалардың 20% -ы жоспарлы хирургиялық емдеуді қажетсінген. Жүгінудің ең көп саны келесі бейіндер бойынша болған: эндокринология, қан-тамыр хирургиясы, неврология, урология, нейрохирургия, педиатриялық кардиология, педиатриялық оториноларингология.


Орталықтың басым бағыттарының бірі- медициналық көмектің қол жетімділігін арттыру шеңберінде, халық үшін қайырымдылық акцияларды өткізу болып табылады. Өткен жылдағыдай, ағымдағы жылы, ауылдық жерлердегі тұрғындарға кеңес беру және керек жағдайларда операцияларды жүргізу үшін, аудандарға бейінді мамандардың баруы жоспарланған.​
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки