Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе облысының денсаулық сақтау жүйесіндегі кластерлік тәсіл

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау жүйесіндегі кластерлік тәсіл

02 май 2018, Среда
1 090
0
Ақтөбе облысы «Қазақстандағы өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру» жобасын жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде таңдап алынды, ол біздің өңірдің бәсекеге қабілеттілігін және экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі қаржыландырады және 2018-2019 жылдар аралығында жүзеге асырылады. 26 сәуір 2018 жылы Ақтөбе қаласына Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі халықаралық мемлекетаралық ұйымының (ЭЫДҰ) жұмыс тобы келді: жоба үйлестірушісі Пелин Атамер, саяси талдаушы Ольга Олсон, ЭЫДҰ аймақтықкеңесшісі Мадина Нұракишева.
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, М.Оспанов атындағы БҚММУ, фармбақылау Комитеті,медицина қауымдастығының өкілдері мен жұмыс тобының мүшелерінің қатысуымен өткен мәжілістің күн тәртібінде, медицина дамуының келешекті бағыттары, әрі қарайғы ынтымақтастық форматы талқылады.Қонақтарбәсекелестік орта жағдайында, денсаулық сақтау жүйесінде кластерлік тәсілді енгізу бет бұрысты болып табылатындығын, бұл аймақтың инновациялық дамуын ынталандыратынын атап өтті.
Ақтөбе медициналық кластері табысты жұмыс істеуде, ол денсаулық сақтау саласындағы әлеуетті іске асыруға ықпал етеді,ал болашақта инновация мен кәсіпкерліктің даму деңгейін одан әрі арттырады. Ақтөбе медициналық кластері — бұл дамудың ұлттық жоспарларында қойылған міндеттерді шешудегі аймақтың үлесі.
Медициналық кластерде, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында, ата-аналық пансионаты бар балалар онкогематологиялық орталығының және «СheckUp» диагностикалық орталығының құрылысы жоспарлануда.
Тәжірибеде, кластерлік тәсіл-біздің аймақтың денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудағы мәселелердің өзінің өзектілігін дәлелдеді, бұл ретте озық халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа медициналық технологиялар белсенді енгізілуде. Ол кластерлік саясатты жүзеге асыру — денсаулық сақтау жүйесінде жеке инвестициялар түріндежеке сектордың қатысу деңгейі артатынын атап өткен жөн,медициналық қызмет көрсетуде IT-технологияларды пайдалануды арттырады, практикалық денсаулық сақтаудың медициналық оқу орны интеграциясы жақсарады,дәрігерлер мен медбикелер даярлау сапасын арттырады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки