Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе облысындағы медицина қызметкерлерінің спорттық жетістіктері

Ақтөбе облысындағы медицина қызметкерлерінің спорттық жетістіктері

02 май 2018, Среда
1 300
0

2018 жылдың 30 сәуірі мен 1 мамыраралығында Алматы қаласында алғаш рет медицина қызметкерлері арасында футболдан Қазақстан чемпионаты өтті. Екі күндік жарыста біздің команда 7 матчты ойнады, «А» тобының Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана командасы қарсыластарын жеңді, содан кейін ¼ финалында Оңтүстік Қазақстан облысының командасын жеңіп, жартылай финалда Қарағанды қаласының әріптестерін ұтты. Финалда Ақтөбе медицина командасы Алматы командасымен матч өткізді және 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Біздің жігіттер жеңіске жету үшін ойын соңынадейін шайқасты, әріптестер алған жарақаттарына және спорт жарыстарының қарқынды кестесіне қарамастан, спорттық мінез көрсетті. Ақтөбе медицина командасы күміс медальдарға иеленді және басқа аймақтардан қатысқан 16 команда арасында, құрметті екінші орыналды. Біздің команда аймақтағы медициналық қауымдастық тарапынан үнемі қолдау тапты және олар әріптестерінің жетістіктерін мақтантұтады.


Ақтөбе медицина командасы құрамында Ақтөбе медицина орталығының дәрігерлері ойнағанын және жеңіске өз үлестерін қосқанын ерекше атап өткен жөн: нейрохирург Кажгалиев Руслан (команда капитаны), хирург Келимбердиев Мирсаид, кардиолог Хамидулла Болат, бет-жақ сүйек балалар хирургі Дрманов Нармагамбет, сурдолог Кумар Канат, хирург Сатен Темирлан. Сонымен қатар, барлық мачтарда, әріптестерімен бірге футбол шабуылшысы ретінде, денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.А. Қалиев ойнады. Жазда, 2018 жылғы 30 маусым — 8 шілдеде, Чехияда өтетін медицина қызметкерлері арасындағы футболдан халықаралық чемпионатқа Қазақстанның ұлттық құрамасының қатысуы жоспарланған. Біздің екі дәрігеріміз — Руслан Қажгалиев және Сәтен Темірлан — Қазақстан Республикасының медицина командасына шақырылды.

Шын ықыласпен біздің құрама команданы күміс медальдарымен құттықтап, денсаулық, одан әрі өркендеулеріне және спорттық табыстар тілейміз. Қазақстанның алғашқы футбол чемпионатындағы біздің дәрігерлеріміздің жетістіктері мен жүлделерімен, Ақтөбе облысының құрметті медицина қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки