Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе медициналық орталығындағы «Орынбор күндері»

Ақтөбе медициналық орталығындағы «Орынбор күндері»

18 май 2018, Пятница
784
0

Біздің облыста18-19 мамырда «Ақтөбедегі Орынбор күндері» аттыауқымды халықаралықалаң өткізілуде, Орынбор қаласы делегациясының құрамындағы денсаулық сақтау өкілдері Ақтөбе медициналық орталығына келді.

Орынбор облысының денсаулық сақтау министрінің орынбасары Т. А. Кундик және Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары С. М. Есенаманованыңқатысуымен көпбейінді ауруханада «Орынбор облысы акушерлік және гинекология қызметіндегі қазіргі заманғы технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Ақтөбе дәрігерлері көрші облыстың бейінді мамандарыныңакушерлік және гинекология қызметіне жаңа технологияларды енгізудегі өз тәжірибесімен бөлісу туралы таныстырылымына қызығушылық танытты.


Содан кейін қонақтар балалар ауруханасы базасында орналасқан симуляциялық орталыққа барды. «Бақытты бала» акциясы аясында Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасының аумағында ағаш отырғызу туралы шешім қабылданды. «Достық аллеясы» ашылуының алғашқы қатысушылары Орынбор облысының қонақтары болды,Орынбор облысы Денсаулық сақтау министрі Г. П. Зольникова бастаған медициналық қызметкерлер делегациясы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қалиевпен бірге және Ақтөбе дәрігерлері балалар ауруханасының ауласында 30 шырша отырғызды.

«Достық аллеясын» құру идеясы басқа өңірлер өкілдерімен ынтымақтастықтың символына айналады, алыс және жақын шетелдердің медициналық мекемелерінің қонақтарының қатысуымен көгалдандыру акциясы дәстүрге айналады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки