Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе облысында Медицина Мұражайы ашылады!

Ақтөбе облысында Медицина Мұражайы ашылады!

15 июнь 2018, Пятница
1 108
0

15 маусым 2018 жылы, Медицина қызметкерінің күнін мерекелеу қарсаңында, медицина мұражайы ғимаратының іргетасына капсула салу белгіленген.

Ақтөбе өңірі медицинасының терең тарихын ескере отырып, Облыстық денсаулық сақтай басқармасы ертеңге жалғайтын алтын көпір іспетті мұражай ашуға шешім қабылдады. Бұл бастаманы Ақтөбе медициналық кластер ұжымы жігерлене қолдады.

Мұражайдың ашылу мақсаты Ақтөбе облысы медицинасының теориялық білімі мен практикасының тәжірибесі туралы барлық ақпаратты жүйелендіру болып табылады, Ақтөбе облысындағы денсаулық сақтау саласының даму тарихын кеңінен тарату, медицина дамуына баға жетпес үлес қосқан қызметкерлердің есімдерін сақтау, ағымдағы жағдайды және жаңа технологияларды енгізуді, дәрігерлер мен медицина саласының табыстарын көрсету. Медицина мұражайы жас ұрпақты тәрбиелеуге, өңірлік медицинаның үздік өкілдерінің дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделген тәлімгерліктің дамуынаықпал етеді.

Мұражай Ақтөбе медициналық орталығының аумағында салынады, жоба бойынша көрме залдары, әртүрлі рәсімдер мен білім беру іс-шараларын өткізуге арналған конференц-залқарастырылған.

Капсула салу рәсіміне Облыс әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиев, денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қалиев, профессор Чанг Хэнг Сеок (Оңтүстік Корея), денсаулық сақтау ардагерлері Рахиев Р.Р., Дженалаев Б.К. және Аймағамбетов И.Н.

Салтанатқадепартамент жетекшілері, денсаулық сақтау ардагерлері, медицина қоғамының өкілдері шақырылды. Салтанатты шара барысында, Ақтөбе облысының медицина қызметкерлерінің адал еңбегі және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттау рәсімі өтті.

Марапатталғандардың арасында біздің орталықтың балалар стационарының балалархирургі Р. А. Кенжалина («Еңбек ардагері"медалі),балалар стационарының дәрігеріО.Е. Садельникова (ҚР ДСМ «Алғыс хаты»), нефролог А. А. Ермагамбетова (ҚР ДСМ «Құрмет Грамотасы»), КДО дәрігер-терапевті В. А. Аккуженова (ҚР ДСМ «Құрмет Грамотасы»),балалар хирургі Е. В. Роскидайло (Облыс әкімінің «Грамотасы»).


Ақтөбе медициналық орталығының қызметкерлері

дәрігерлерді лайықты марапаттармен құттықтайды!

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки