Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Балалар ауруханасындағы ашық есік күні

Балалар ауруханасындағы ашық есік күні

02 июль 2018, Понедельник
887
0
​​2018 жылдың 2 шілдесінде «Бақытты балалық шақ» өңірлік бағдарламасының аясында, балаларға медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатыменбіздің орталықтың балалар ауруханасында «Ашық есік күні» қайырымдылық акциясы өткізілді. Жас пациенттерді 14 бейінді маман қабылдады. 134 бала тексерілді, ең талап етілгені — невролог пен оториноларинголог дәрігерлерінің кеңесі болды.
Соныменқатар, балаларға хирург, кардиолог, нефролог, педиатр, эндокринолог, жақ-бет хирургі, онколог, ревматолог, травматолог, ортодонтдәрігерікеңес берді.

Акция барысында балаларға тегін зертханалық және аспаптық зерттеулер — клиникалық және биохимиялық қан анализі, электрокардиография, ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеулері жүргізілді.

Ақтөбе медициналық орталығында балаларға арналған қайырымдылық акциялары үнемі өткізіледі, ал консультативтік көмек көрсету үшін, М.Оспанов атындағы БҚММУ кафедра қызметкерлері, сондай-ақ шетелдік мамандар тартылады.​​
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки