Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Check-up орталығын құру бойынша бірлескен жобаны іске асыру

Check-up орталығын құру бойынша бірлескен жобаны іске асыру

03 август 2018, Пятница
678
0

Кешенді диагностикалық тексеру Check-up орталығының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Бірлескен жоба, Ынтымақтастық туралы Меморандумға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Сеул ұлттық университеті ауруханасының вице-президенті профессор Кванг Вунг Ли қол қойю арқасында, жүзеге асты.

2018 жылдың 3 тамызында, Оңтүстік Кореяның «Gangnam Center» Joo-Sung Kim, MD, PhD Диагностикалық орталығының вице-президенті бастаған Оңтүстік Кореялық мамандар делегациясы жұмыс сапарымен Ақтөбе медициналық орталығында болды.Қонақтар делегациясы құрамы мынадай мамандармен таныстырылды — сәулетші, жоба инженері, бас медбике, медициналық жабдықтар үшін жауапты тұлғалар.Екі күн ішінде, құрылысы Ақтөбе медициналық орталығының көп бейінді ауруханасының аумағында басталған болашақ орталық ғимаратын жобалау,сондай-ақ,медициналық құрылғыларды одан әрі орналастыру және қамтамасыз ету бойынша нақты сұрақтар талқыланды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысыА.А.Калиев Оңтүстік Корея өкілдерімен кездесу барысында осы жобаның халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және медициналық туризмді дамытудағы маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, халықаралық сапа стандарттарын енгізуде, медицина персоналын Оңтүстік Корея орталығының базасында даярлау қажеттілігіне назар аударды.

Өзкезегінде, вице-президент Joo-Sung Kim жобаны мүмкіндігінше тезірек іске асыруға және Check-Up диагностика халықаралық принциптеріне сәйкес көмектің сапасы мен бейінді мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған мәселелерді шешуде, қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки