Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ресурстық орталықтың ашылуы

Ресурстық орталықтың ашылуы

14 август 2018, Вторник
1 212
0

Біздің өңірде, Ақтөбе медициналық орталығының Кеңес беру-диагностикалық бөлімшесінің педиатриялық учаскесі қызметінің баланың даму Кабинеті негізінде, алғашқы «Ресурстық орталығы» ашылды. Орталықжұмысының басым бағыттарыныңбірі — халықтың бала кезінен жақсы тамақтану принциптерін түсінуін арттыру болып табылады.

Онда, жас аналарды, барлық жастағы балаларды дұрыс тамақтану негіздеріне үйрете бастады. Ресурстық орталықта жоғары санатты мейірбике, мейірбикеісі бакалавры Исимова Гүлсім Кәкімжан қызы сабақ жүргізеді.

Бекітіп берілген «Авиақалашығы» ауданының аналарымен бірінші оқыту сабақтары өтті. Мамандар емшек еметін нәрестеге тамақтану рационын енгізу түрлері және мерзімдері туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Өз кезегінде, жас аналар балаларды ұтымды тамақтану ережелерін сақтауға қызығушылық танытты, сұрақтар қойды және толық жауап алды.

Ресурстық орталықболашақта балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған бір қатар іс-шаралар шеңберінде жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки