Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » «Мобильді кластер» акциясы басталды

«Мобильді кластер» акциясы басталды

25 сентябрь 2018, Вторник
1 087
0

Ақтөбе облысының шалғай елді мекендерінің тұрғындарына медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру мақсатында, Ақтөбе облыстық денсаулықсақтау басқармасы және Ақтөбе медициналық орталығының басшылығымен ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінен бастап «Мобильді кластер» акциясы басталды.Әйелдер мен ерлердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар аясында, аймақтардың тұрғындары үшін орталықтың бейінді мамандарының консультативтік қабылдаулары, медициналық орталық нысандарында зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр. Ауыл тұрғындарын тасымалдау және медициналық қамтамасыз етуді, аудандық әкімдіктердің қатысуымен жіберетін медициналық ұйым жүзеге асырады. Акция жоспарланған кестеге сәйкес жүзеге асырылады және емдеу-диагностикалық іс-шаралар көлемі ауыл тұрғындарының нақты санатына қызмет көрсету сұранысын ескере отырып, медициналық мекемелермен алдын-ала келісіліп, жүзеге асырылады.

2018 жылдың 25 қыркүйегінде Ырғыз ауданының тұрғындары үшін КДО базасында консультативтік қабылдау ұйымдастырылды. 23 әйелтексеріліп, кеңес беру өткізілді, акция кезінде іш қуысының, кіші жамбас, қалқанша безінің УДЗ-і, ФГДС, гинеколог, онколог, уролог, эндокринолог консультациялары жүргізілді. Бұл жағдайда әйелдердің 30% -ында кіші жамбас ағзаларының обыр алдылық аурулары, сондай-ақ, ас қорыту, эндокриндік, зәр шығару жүйесінің созылмалы аурулары анықталды. Патология анықталған барлық пациенттерге бейінді мамандандар толық ұсынымдар берді.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки