Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » «Мобильді кластер» акциясы туралы жаңалықтар

«Мобильді кластер» акциясы туралы жаңалықтар

02 ноябрь 2018, Пятница
829
0

Ақтөбе медициналық орталығының базасында «Мобильді кластер» акциясы аясында ауыл тұрғындарының амбулаториялық қабылдау жұмыстары жалғасуда. 2018 жылдың 1-2 қараша кезеңінде көпбейінді аурухананың базасында Айтекебиауданынан 21 ер адамы тексерілді және КДО-нда Темір ауданының 27 әйеліне консультативтік қабылдау өткізілді. Диагностикалық шаралар жоспары әйелдер мен ерлердің денсаулығына байланысты мәселелерді анықтауға бағытталған. Практикалық дәрігерлер мен урология бөлімінің кафедрасы қызметкерлері біріге пациенттерді тексерді, сондай-ақ бүйрекке, қуыққа ультрадыбыстық зерттеу жүргізді, әрі қарай емделуге кеңес берілді, кейбір пациенттерге аурухана деңгейінде қосымша тексеруден өтуге және стационарлық ем қабылдауға ұсыныс жасалды.

Ауыл тұрғындары онколог, маммолог, гинеколог, эндокринолог дәрігерлерлерінің кеңесін алды, көрсетімдерге сәйкес қалқанша,сүтбездерінің ультрадыбыстық диагностикасы жүргізілді, кольпоскопия, өңеш және асқазанның эндоскопиялық зерттеулері, зертханалық саралау жасалды. Тексеруден өткендердің 90% жағдайларында эндокриндік жүйе мен кіші жамбас ағзаларының әртүрлі патологиялары анықталды. Пациенттер тиісті бейінді мамандардың толық ұсынысыналды.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки