Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының алқасы

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының алқасы

16 январь 2019, Среда
2 218
0

2019 жылдың 16 қаңтарында Ақтөбе медициналық орталығының көпбейінді ауруханасы базасында облыс әкімі Б.М. Сапарбаев төрағалығымен 2018 жылғыжұмыс қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының алқасы өтті.Алқа жұмысына облыстық мәслихаттың хатшысы С.М. Қалдыгұлова, Ақтөбе қаласының әкімі И.С. Испанов, медицина ардагерлері, қалалық және аудандық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері, М.Оспанов атындағы БҚММУ-ніңоқытушылары, үкіметтікемес ұйымдардың өкілдері қатысты.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыӘсет Қалиев баяндама жасады, жиналысқа қатысушылардың назарынаденсаулық сақтау негізгі көрсеткіштері туралы, адамиресурстарымен қамтамасыз ету және аппараттық жабдықтар бойынша толық есепберілді.


Баяндамада Ақтөбе медициналық кластерінің қызметкерлерінің үлесі атап өтілді.Батыс Қазақстанда осындай форматта құрылған жалғыз медициналық мекемеде, оның құрылған сәтінен бастап 57 498 пациент емделді: оның 33 368 - ересек адам (58%); 24130 (42%)-балалар; 19227 операция жасалды, оның ішінде9 150 операция балаларға жасалды. Бұдан басқа, 1 397 жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді, соның ішінде: балалар кардиохирургиясы, трансплантология, нейрохирургия, травматология, қан тамырлы хирургия, аритмология.


Сапар барысында облысәкімі Б.М. Сапарбаев Медицина Музейінің, спорттық медицина және оңалту орталығының құрылысы барысымен танысты.Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ә.Ә.Қалиев ата-аналар пансионатымен бірге онкогематология орталығы және облыстық перзентхана орталығының құрылыс жоспарын ұсынды


Облыс басшысының назарына «Ақтөбе медицина орталығы» қызметкерлерінің жаңа киім үлгілері ұсынылды.


Алқа мәжілісінде Ақтөбе облысы ТҚҚД басшысы Н. Беркимбаеваның, М.Оспанов атындағы БҚММУ ректоры Е. Бекмухамбетовтің, АФ ФСМС директоры Г. Кужаниязованың, фармация комитетінің жетекшісі Р.Кубатаевтің баяындамалары тыңдалды.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки