Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » "Мобильді кластер"жобасының жаңалықтары.

"Мобильді кластер"жобасының жаңалықтары.

26 февраль 2019, Вторник
806
0


2019 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационары базасында «Мобильді кластер» облыстық акциясының аясында ауылдық жерлердегінауқастарды амбулаториялық қабылдау ұйымдастырылды.


​Аталған акция М.Оспанов атындағы БҚММУ-ніңішкі аурулар кафедрасының жоғары білікті мамандарының (кафедра жетекшісі – м.ғ.к. Е.Ш.Базаргалиев)қатысуымен кардиолог-дәрігерлерімен (кардиология бөлімшесінің меңгерішісі – Ж.С.Бекжанова) және біздің орталықтың функционалдық диагностика дәрігерлерімен (функционалдық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі – Г.И.Бекбергенова) бірлесіп өткізілді.



Әйтекеби ауданының 15 тұрғынына жүректің ультрадыбыстық зерттеуі (ЭХОКГ), жасалып, кардиолог және аритмологпен кеңес берілді. Бұл ретте науқастардың 46,7% ​жүректің ишемиялық ауруы, 35% артериялық гипертониядан зардап шегетініанықталды, ал кейбір жағдайларда жүрек ақаулары, жүрек ырғағының бұзылуы және эндокринологиялық патология табылды.



Келген барлық пациенттер орталықтың медицина қызметкерлерінің назарында болды, әрбір науқасқа әрі қарайемделу бойынша егжей-тегжейлі ұсыныстар берілді.
Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки