Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе медициналық орталығындағы «Ашық есік күні».

Ақтөбе медициналық орталығындағы «Ашық есік күні».

06 март 2019, Среда
624
0


2019 жылдың 6 наурыз күні Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационары базасында облыс тұрғындарына, соның ішінде көп балалы аналарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді.

Біздің орталықтың жоғары білікті мамандары және М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің профессорлық-оқытушылар құрамы ақысыз негізде түрлі бейіндер бойынша қабылдау жүргізді.



Аталған шара қаламыздың 150-жылдық мерей тойына арналған «150 игі істер» қайырымдылық акциясы аясында өткізілді. Кеңес беруқабылдауы кезінде 53 адам қаралды, сонымен қатар келуші тұлғалар бірден бірнеше мамандардың қабылдауында болды.



Әсіресе келесі мамандар сұранысқа ие болды: 25 пациент терапевте қаралды, гинекологтың қабылдауында 18 әйел, эндокринологта - 18 пациент, неврологта - 16 науқас, оториноларингологта- 14, гастроэнтерологтың қабылдауында 11адам, аллергологта - 10 пациент болды. Одан басқа, хирургтер, урологтар, травматологтар, нейрохирургтер қабылдау жасады, сонымен қатар көрсеткіштері бойынша рентгенологиялық, ультрадыбыстық зерттеулер жүргізілді.



«Ашық есік күні» акциясы аясында Денсаулық мектебі өткізілді, медицина қызметкерлері науқастарға инсульт, қант диабеті және гипертонияның алдын алу туралы ақпараттар берді.



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки