Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Медицина мұражайының ашылуы.

Медицина мұражайының ашылуы.

14 июнь 2019, Пятница
772
0

2019 жылдың 14 маусым күні Ақтөбе медициналық кластері базасындағы медицина мұражайының салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының Әкімі О.Уразалин қатысты. Облыс басшысы құттықтау сөзінде барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, біздің өңірдіңемдеу ұйымдарының халық денсаулығын сақтауқызметіне жоғары баға берді,медицинадағы жаңа жетістіктерге жетулеріне және одан әрі өркендеуіне тілегін білдірді.

Облысымыздың медицина қызметкерлерінің денсаулықсақтауды дамытудағы адал еңбегі мен бағажетпес үлесі үшін құрмет пен ризашылығының белгісі ретінде мұражай ұйымдастырылған. Жаңа мұражай үшін материалдар мен экспонаттар аудандық және қалалық емдеу мекемелері қызметкерлерінің ортақ күш салуымен жиналды, Облыстық мұражайдың қызметкерлері бірқатар кеңестерімен көмектесті.


Мерекелік шараға Облыстық маслихаттың хатшысы С.М.Калдыгулова, қала Әкімі И.Испанов, медициналық ұйымдардың басшылары және орталықтыңқызметкерлері қатысты. Облысымыздың ардагерлері Н.А.Агзамов пен Т.М.Сафроноважаңа мұражайдың есік алдындағы лентасын салтанатты түрде қиюға лайық деп табылды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қалиев алғаш келушілер үшін экскурсия өткізді. Әртүрлі жылдарда қолданылған және тарихи құндылығы бар өткен жылдардағы құжаттар, медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар көруге ұсынылды, бұлар денсаулық сақтау саласындағы медицина жетістіктерімен тарихын қадағалауға мүмкіндік береді.

Салтанатты рәсімнің соңында облыс Әкімі О.Уразалин құрметті қонақтарға арналған пікірлер Кітабына бірінші жазба қалдырды.

Болашақта мұражайды жаңа экспонаттармен толтыру жоспарлануда, бұл жас ұрпақтың патриоттық сезімі мен аймақтық денсаулық сақтау өкілдерінің жетістігі үшін мақтанышынтудырады.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки