Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Дәрігер мамандығына арнау.

Дәрігер мамандығына арнау.

20 сентябрь 2019, Пятница
1 062
0
2019 жылғы 17 қыркүйек күні Ақтөбе медициналық орталығының көпсалалы стационарында ерекше конференция өтті, онда салтанатты түрде жас мамандар қызметтеріне қосылды. Біздің орталықтыңқызметкерлер қатарын 2019 жылдың тұлектері толықтырды – түрлі саладағы мамандықтың 27 дәрігерлері, оның ішінде 16 дәрігер балалар стационарына жұмысқа қабылданды.
Стационар ұжымына (ересектерге арналған) келесі жас мамандар:анестезиолог-реаниматолог Басмагамбетов Улан, анестезиолог-реаниматолог Қалибеков Махамбет, кардиореаниматолог Әмзеев Арман, неонатолог Қошпанова Айжан, оториноларинголог Нагина Айкерим, гастроэнтеролог Асқар Айслу, гастроэнтеролог Қанназарова Шолпан,кардиолог Ахметова Айым,ангиохирург Бисенов Ибрагим, акушер-гинеколог Донаева Айнуртаныстырылды.



Тәжірибелі жоғары білікті дәрігерлер әрбір жас маманға тәлімгер ретінде тағайындалады – анестезиология, реаниматология және интенсивті терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ермагамбетов К.К., кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Бекжанова Ж.С., терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ишимова Б.Т., Нәрестелер патологиясыжәне нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия» бөлімшесінің меңгерушісі Ергалиева Г.Н., Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Акатаева А.Н., «Оториноларингология» бөлімшесінің меңгерушісі Шагатаева Б.А., Қан тамырлар хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Жанабаев Б.К.
Бас дәрігер Р.К. Исаевтың, медициналық директоры А.Б.Есенжулованың, кәсіподақ комитетінің төрайымы С.Ж. Агзамованың айтылған ізгі тілектерінен кейін жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне сыйлықтар табыс етілді.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки