Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Медицина кластерінде «Ашық есік күні» акциясы жалғасуда

Медицина кластерінде «Ашық есік күні» акциясы жалғасуда

21 декабрь 2017, Четверг
980
0

«Aktobe Medical Center» Ақтөбе медициналық орталығында «Ашық есіккүні» қайырымдылық акциясы жалғасуда. 2017 жылғы 17 қарашада өткенбейінді мамандардың консультативтік қабылдауына 80 адам қатысты.

Бұл акция біздің облыстың қалалық және ауылдықт ұрғындары үшінтегін жүргізіледі. Кезекті қабылдауды медицина кластерінің жетекші мамандары мен М.Оспанов атындағы БКММУ-нің клиникалық кафедра қызметкерлері біріге өткізді. Қабылданған әрбір науқас жоғары білікті дәрігерлердің назарына және қамқорлығына ие болады, консервативті емнің алдағы тактикасы жөнінде және қажет болған жағдайда жоспарлы түрде араласуға толық ұсыныс беріледі.

Медициналық орталықтың қызметкерлері консультацияға жүгінген пациенттер үшін барлық жағдайларды жасайды. Аға медбике А.С.Саргузинаның жетекшілігімен бөлімшелердің тәжірибелі орта медициналық аға мейірбикелері пациенттердің амбулаториялық қабылдауын реттейді, мамандардың сараптамасының уақытылы болуын қамтамасыз етеді, бейінді мамандардың кеңесінің негізсіз кідірістеріне жол бермейді.

Көп бейінді аурухананың базасында амбулаториялық пациентерді қабылдауды ұйымдастыру үшін, стационардың орталық залы қайта құрылды және қабылдау бөліміжаңаша бағытталғанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта дәрігерлер қабылдауына арналған жеке бөлмелер, жанында күтушілер үшін ыңғайлы дивандар бар және әдемі ішкі көрініс салынған.

Көп бейінді стационардағы қайырымдылық акция биылғы жылдың 24 қарашасында өтеді. Мамандардың қабылдауы — сағат 12.30-дан сағат 15.30-ға дейін. Желтоқсан айында бұл іс-шара «Aktobe Medical Center» медициналық кластердің құрамына кіретін кеңес беру-диагностикалық орталық пен балалар ауруханасы базасында жалғасады.

Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки