Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » «Медициналық қызметтердің сапасы, пациенттердің қауіпсіздігі және аккредиттеу» тақырыбында Астана қаласында өткен халықаралық конференция

«Медициналық қызметтердің сапасы, пациенттердің қауіпсіздігі және аккредиттеу» тақырыбында Астана қаласында өткен халықаралық конференция

21 декабрь 2017, Четверг
1 669
0
16-17 қарашада Астана қаласында «Медициналық қызметтердің сапасы, пациенттердің қауіпсіздігі және аккредиттеу» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы ұйымдастырды. Халықаралық конференция денсаулықты дамыту республикалық аккредиттеу орталығы, шетелдік серіктестердің белсенді қатысуымен, Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жоғары деңгейде өткізілді.
Конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.Биртанов «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу, сертификаттау, стандарттау үдерістері медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ықпал етеді және денсаулық сақтау ұйымы қалай ұйымдастырылғаны және медицина қалай жұмыс істейтіндігі туралы халықты хабардар ету қажет» деп атап өтті. Тек осындай жағдайда ғана халықтың түсінігі, қатысуы және сенімі қалыптасады.
Пленарлық мәжіліс барысында Қоғамдық денсаулықсақтау комитетінің төрағасының орынбасары Берік Шәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңестің төрағасы Надежда Петухова, «РДСДО» Бас директоры А. Т. Айыпханова, аккредиттеу орталығының басшысы Б. Т. Каупбаева, сонымен қатар Конференция жұмысына Республикалық Санитарлық авиация орталығының директоры Н.Қ. Отарбаев қатысты.
Конференцияның 500-ден астам қатысушылары еліміздің барлық өңірлерінің медицина қызметкерлері болды, бұл конференция тақырыбының өзектілігін растайды, себебі пациенттің қауіпсіздігі сапалы медициналық көмек көрсетудің негізін құрайды. Конференция жұмысына Ақтөбе облысының делегациясы қатысты,"Aktobe Medical Center"медициналық орталығының қызметкерлері (медициналық директор А. Б. Есенжулова, сапаны бақылау жөніндегі директор О. М. Алдабергенова, ҰМ бөлімінің жетекшісі Л.И. Кабиева).
Конференция барысында екі күн бойы дәрістер тыңдалды және мастер-класс өткізді, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар, соның ішінде JCI (Joint Commission International) және Accrediation Canada өкілдері пациенттердің қауіпсіздігін, медициналық қызметтердің сапасын, жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен жұмыс жасау, инфекциялық бақылау мен, медициналық карталар аудитінің жұмысы бойынша тәжірибе алмасты.
20-ға жуық шетел сарапшылары қазақстандық сарапшылар үшін тегін мастер-класс өткізді- Ассаф Ф. Аль-Ассаф, Франсис Вестергард (АҚШ), Кадар Марикар (Малайзия), Рафал Низанковский (Польша),Севаль Акгюн (Түркия), Катерина Тарасова (Канада), Ахмед Ново (Босния мен Герцеговина), Агнес Леотсакос (ДДҰ).


Республикалық орталықтардан келген отандық мамандар спикерлер ретінде пациенттердің хирургиялық қауіпсіздігін, қолдың гигиенасы, ғимарат менеджменті, клиникалық зертхананың қауіпсіздігі, радиациялық қауіпсіздік, дәрілік заттарды рационалды қолдану тәжірибесіне енгізу бойынша тәжірибелік ұсыныстарды ұсынды: Литвинова Л., Толепбергенова А., Есбатырова Л., Агажаева Г., Надирбекова Г., Жумабаева А.З., Жунусова С., Курманкина А., Абишев Б.
Жалпыалғанда, халықаралық конференцияның жұмысы жемісті болды, өңірлердің қатысушылары ұмытылмас әсер алды, пациенттерді емдеудің сапасын қамтамасызету мен қауіпсіздіктің әр түрлі мәселелері бойынша, халықаралық сарапшылар мен аккредиттеудің маңызды аспектілерін және медицина мекемелерінен кейінгі аккредиттеу мониторингін талқылаудың бірегей мүмкіндігі туралы пікір таластарға белсенді қатысты.
Жоғары сапалы медициналық көмек көрсетудің өзекті мәселелері бойынша осындай халықаралық конференция өткізу Қазақстандағы әлемдік сапа стандарттарына көшудің, пациенттердің құқықтарын сақтау негізінде отандық медициналық ұйымдарда қауіпсіз медициналық қызметтерді алу мүмкіндігінің болуын дәлелдейді.
Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки