Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Тәжірибеден алынған жағдай

Тәжірибеден алынған жағдай

25 апрель 2020, Суббота
744
0
COVID 19 әртүрлі қатар жүретін патологиядан зардап шегетін егде емделушілерде жиі кездесетіні белгілі. Мұндай жағдайларда негізгі аурудың ауырлығы ілеспе процестердің асқынуымен күрделене түседі. Сонымен қатар, КВИ-ны емдеуге кешенді көзқарас тұтастай алғанда аурудың нәтижесіне әсер етеді.
Тәжірибеден алынған жағдай оған дәлел:науқас 74 жаста. 17.04.2020 ж. Облыстық инфекциялық ауруханасына "КВИ" диагнозымен келіп тускен. Анамнезінде: Артериальды гипертензия мен диспансерлi есепте турады, холецистэктомия, аппендэктомия, кистага байланысты буйрекке және тізе буынына операция жасалған. 20.04.2020 куні науқастың жағдайы нашарлаған. Нашарлауы журек айну, қусу, жалпы әлсіздік, есін жоғалтуы, артериальды қысымының 80/40 мм с.б. дейін және тамыр соғыс жиілігі 37-ге дейін төмендеген. Консервативті терапиянын әсері болмаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы профильді мамандармен консилиум өткізіп, Ақтөбе медициналық орталығының екі қызметкері тағайындалды. Олар орталықтың интервенционды кардиологы - Жайлыбаев Жамбыл және аритмологы - Хамидулла Булат.

 Дәрігерлер кеңесінен кейін уақытша сыртқы электрокардиостимулятор (ЭКС) қойылуы шешілді. Бұл операция инфекциялық аурухананың реанимация бөлімінің боксінде, инфекцияға қарсы барлық қорғаныс шараларын сақтай отырып, УДЗ аппараты және "С" доғасы тәріздес рентген - аппаратының көмегімен қойылды (қажетті құрылғылар басқа клиникадан әкелінді). ЭКС іске қосылды, науқасқа барлық емі толық журіп жатыр.
Қазіргі кезде барлық медицина қызметкерлерінің, әсіресе инфекционист, реаниматолог, аритмолог дәрігерлерінің бірлесіп жумыла жасап жатқан емдік шараларының арқасында науқастың жағдайы жақсаруда, яғни науқастың жалпы жағдайы турақты ауыр куйде. Емін жалғастыруда.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки