Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Провизорлық блоктың перзентханасынан жаңалықтар

Провизорлық блоктың перзентханасынан жаңалықтар

23 апрель 2020, Четверг
801
0
Ақтөбе медициналық орталығында 2020 жылғы 23 сәуірде екі ер бала дүниеге келді. Бұл әрине ерекше ештеңе болмаған сияқты. Бірақ... көпбейінді стационар базасында ұйымдастырылған провизорлық госпитальға эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жеткізілген жүкті әйелдердің босануы болды.Бірінші жағдайда 22 жастағы алғашқы жүктілікте физиологиялық босану болды, екінші жағдайда қайталанған жүктілік 27 жастағы әйелде операциялық босандыру жүргізілді. Нәрестелердің біреуі – салмағы 3000гр., бойы 50см. және екіншісінің салмағы 3300 гр., бойы 54см.Covid 19-ға тексерілді, нәтижелері теріс, нәрестелер неонатологтың жіті қадағалауында және күтім жасалуда. Қазіргі уақытта жаңа туған нәрестелер мен босанған әйелдердің жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық, ҚР ДСМ бекітілген алгоритмдеріне сәйкес қажетті күтім мен емдеу жүзеге асырылуда.


Медициналық көмек көрсету үшін бейінді мамандар бригадасы құрылғанын атап өткім келеді, олар осындай жағдайда өз денсаулығын белгілі бір тәуекелге тігеді. Бұл ретте медициналық персонал жұмысының маңызды аспектісі өз пациенттерінің мүддесінде шешім қабылдау және кез келген төтенше жағдайларда өзінің қызметтік міндеттерін орындау болып табылады. Жеке денсаулығына қауіп төндірумен байланысты маңызды шешім қабылдау кез келген адамға берілген жоқ. 3 тәулік бойы дәрігерлер мен мейірбикелер және кіші қызметкерлер командасы провизорлық госпитальдан шықпай, босанған әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің жанында болуды жалғастыруда.


Медициналық персонал кесте бойынша кезекшілік етеді, инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, кезек бойынша бір-бірін ауыстырады, госпитальда аймақтандыру талаптарына сәйкес орналастырылады. Ол жерде акушер-гинеколог-дәрігері Кунаков Нурлан, Мухамбеталиева Гульмира, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог Абденгалиев Амангельды, неонатолог Койшина Анар; операциялық мейірбике Жанадилова Жанар, анестезист Балмуханова Лидия, акушерлер: Аюпова Роза, Амантаева Актоты, Жубаназарова Айда, Кубатаева Базаргуль; санитарлар Сисенбина Айша және Жанбуршина Маншук  толық көлемде медициналық көмек көрсетуде.
Орталық ұжымы аналар мен олардың отбасыларын сәбилерінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтайды. Аман-сау болыңыздар!
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки