Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Провизорлық стационардың күнделікті өмірі.

Провизорлық стационардың күнделікті өмірі.

31 май 2020, Воскресенье
755
0
Карантин жағдайында Ақтөбе медициналық орталығының провизорлық стационары жұмысын жалғастыруда. Бейінді мамандар командасы жоғары санатты дәрігер-терапевт, терапия бөлімшесінің меңгерушісі Болған Ишимованың басшылығымен тәулік бойы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша провизорлық блокқа жатқызылған пациенттерге медициналық көмек көрсетуде.
Кезекті ауысым құрамында 5 дәрігер, 11 медбике, 2 акушер, 1 зертханашы, 4 санитар жұмыс істейді, қажет болған жағдайда біздің орталықтың басқа да мамандары да жмысқа тартылады. Белгіленген тәртіппен пациенттер үшін медициналық қызметтердің барлық түрлері қолжетімді, көрсеткіштер бойынша жеке қорғану шараларын сақтай отырып аспаптық тексерулер, операциялық араласулар жүргізіледі, босану қабылданады, кешенді емдеу тағайындалады.



Тұрақты негізде ДСБ штаттан тыс бас инфекционисті, м.ғ.к. М.С. Құрманғазин, ДСБ штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологі, м.ғ.д. Ж.Н. Саркулова консультациялық көмек көрсетуде. ​Орталықтың әкімшілігі мен ұжымы барлық "провизоркалар" қызметкерлеріне, соның ішінде реаниматолог Н.И. Бигиевке, акушер-гинеколог Ж.С. Оралбаеваға, кардиолог А.С. Абдуллаеваға, терапевт Д.К. Бұхарбаеваға, хирург Е.С. Мусинге, бас медбике Р.Р. Дудаева бастаған орта және кіші қызметкерлерге, сондай-ақ барлық кеңесшілерге үлкен алғыс білдіреді. Барлық пациенттердің тезірек сауығуын тілейміз! Біз бірге.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки