Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Еске алу

Еске алу

13 июль 2020, Понедельник
896
0


Адам өмірі – оның жүрген жолы, жасаған жасымен емес, атқарған еңбегімен  өлшенсе керек. Сондай облысымыздың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен, адам жанының арашашы бола білген, дәрігерлік мамандықтың қыры мен сырын терең меңгерген, ақ халатты абзал жандардың бірі Дон Кожағұлұлы ауыр науқастан кейін өмірден озып отыр.
Біздер үшін орны толмас үлкен қайғы болды.  Әр кезеңнің алмағайып күндерін өз абыройына, адами биіктігіне сай өткере білу, азаматтық таным-пайымына сәйкес етіп тіршілік кешу — шын мәнінде, қажырлы да табанды кісілердің еншісіндегі қасиет. Мыңдаған науқас жанды емдеп, алғысына бөленген Дон Кожағұлұлы өте тәжірбиелі, әрі білімді ғана емес, өз ісін жетік меңгерген сирек кездесетін шипагер екенін Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындары әрдайым сүйсініп те, таңғалып та айтып отыратынына талай куә болдық. Сондықтан да ол өзінің өмірімен де, еңбек жолымен де өзгелерге үлгі бола білген, жаны жайсаң азамат еді.
Кужакулов Дон 1971 жылы Ақтөбе Мемлекеттік медициналық институтына «емдеу ісі» факультетіне оқуға түседі. Институтты бітірген соң 1977 жылы Маңғыстау облысының Ералиев Орталық аудандық ауруханасы базасында интернатурадан өткен.
Өзінің еңбек жолын 1978 жылы Маңғыстау облысы Жаңа өзен қаласында цехтың терапевт-дәрігері  болып еңбек етіп бастаған. 2014 жылдан бастап ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК инсульт орталығының невропатолог-дәрігері болды. Кужакулов Дон – «невропатология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар жоғары білікті маман. 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғап, медицина ғылымдарының кандидаты атағына ие болды.
Д. Кужакулов адалдық, жауапкершілік және жан-жақты даму сияқты қасиеттерге ие. Өзінің қызметтік міндеттерін тиісті және адал орындайды, қайырымдылығы мен жауапкершілігі үшін ол өзінің көпжылдық тәжірибесін беретін жас мамандардың тәлімгері болып табылды. Бірнеше рет алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталды. Аурухананың қоғамдық өміріне белсенді қатысты. 2019 жылы медицина қызметкерлері күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Дәрігеріміз Дон Кужакулов пандемия басталган кезде аурухана басшыларының ден саулығыңызды қатерге тікпеңіз, басылғанша үйде дем алыңыз деген ескертуіне қарамастан науқастарға көмек беруім керек деп, жұмысын жас дәрігерлердің қасында жалғастырды. Өкінішке орай өзі де ауруға шалдықты. Дон Кужакулов ағамыз жайлы естелік әріптестеріміздің жүрегінде мәңгілік қалады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки