Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігерінің міндеттерін орындау жоғары санатты хирург-дәрігер, (PhD) медицина ғылымдарының докторы Е.Б.Султангереевке жүктелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Ақтөбе медициналық орталығының бас дәрігерінің міндеттерін орындау жоғары санатты хирург-дәрігер, (PhD) медицина ғылымдарының докторы Е.Б.Султангереевке жүктелді.

02 ноябрь 2020, Понедельник
522
0

Султангереев Ерлан Бахытович, 1980 жылы туылған,Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық академиясының түлегі (2003ж.).


  • 2004-2011 жылдар аралығында Ақтөбе қалалық ЖМКА-ның хирургия бөлімшесінде хирург дәрігері болып жұмыс жасады. Осы уақыт аралығында М.Оспанов атындағы БҚММУ-нің №2 хирургиялық аурулар кафедрасында екі жылдық клиникалық резидентура бітірген.

  • 2011-2013 жылдар аралығында медицина мамандығы бойынша күндізгі магистратурада оқыды, содан кейін медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін ала отырып - магистрлік диссертация қорғады (Астана қ-сы).

  • 2013-2016 жылдар аралығында «Астана Медицина Университеті» АҚ хирургия интернатура кафедрасында күндізгі докторантурада оқыды, 2016 жылғы 20 желтоқсанда медицина ғылымдарының докторы (PhD) дәрежесін ала отырып - докторлық диссертация қорғады.

  • 2012 жылғы қаңтардан бастап 2014 жылғы сәуірге дейін (Астана қ-сы) №1 Қалалық ауруханасының шұғыл хирургия бөлімшесінде ординатор, хирург-дәрігер болып жұмыс жасады.

  • 2014 жылғы қазан айынан бастап 2019 жылғы маусым айына дейін «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ штаттан тыс бас хирургы болып жұмыс жасады.

  • 2016 жылы «Астана Медицина Университеті» АҚ-да қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша маманданудан өтті.

  • 2017 жылғы қаңтар айынан бастап 2018 жылғы желтоқсан айына дейін ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы»МКК бас дәрігердің хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметінде жұмыс жасады.

  • 2018 жылғы желтоқсаннан бастап ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы»МКК-ның Балалар стационарының медициналық директоры лауазымында еңбек етті.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки