Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Қайта құрудан кейінгі интервенциялық кардиология бөлімшесінің ашылуы

Қайта құрудан кейінгі интервенциялық кардиология бөлімшесінің ашылуы

14 декабрь 2020, Понедельник
236
0

Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында 2020 жылғы 14 желтоқсанда өңір басшысы О.С.Уразалиннің қатысуымен көп бейінді стационар базасында қайта жаңартудан кейінгі интервенциялық кардиология бөлімшесінің ашылуы өтті.



Ақтөбе медициналық орталығының 2018-2022 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары аясында мекеменің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Облыс Әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасына сәйкес 30 төсектік интервенциялық кардиология бөлімшесі қайта жаңартылды. Жобаның жалпы сомасы шамамен 2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жабдық сатып алуға 1,7 млрд.теңге жұмсалды (ангиограф, реанимацияға арналған жабдық, медициналық жиһаз).


Бұл ретте 6 кереуетке арналған қарқынды терапияның кардиологиялық блогы қажетті жабдықтармен, оның ішінде көп функциялы кереуеттермен, ӨЖЖ аппараттарымен, дефибрилляторлармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен толық жабдықталған. Кардиологиялық бөлімшенің әрбір палатасында орталықтандырылған оттегіні беруге арналған консольдер орнатылған, бұл қажеттілігіне қарай қарқынды терапия палаталарын қосымша алаңдарда өрістетуге мүмкіндік береді.

Осы жобаны жүзеге асырудың арқасында жіті коронарлық синдром, жүрек ырғағының бұзылуы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки