Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Үкімет делегациясының сапары

Үкімет делегациясының сапары

30 октябрь 2020, Пятница
326
0
Жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов Ақтөбе медициналық орталығына келді. Үкімет делегация Облыс әкімі О.С.Уразалиннің бастауымен ересектер мен балаларға арналған көп бейінді провизорлық стационардың материалдық - техникалық жабдықталуымен танысты. Бас дәрігер Р.К.Исаев эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру жөніндегі орталықтың қызметі туралы, атап айтқанда, 38 кереуеттік реанимациялық бөлімшенің резервінің дайындығы туралы қажетті құрал-жабдықтарымен және дәрілік препараттар, жеке қорғану құралдарының қоры туралы айтып берді, қонақтар дәріхана қоймасына, сәулелік диагностика бөлімшесіне, ангиографиялық зертханаға барды.


Сапар барысында көпсалалы стационар базасында вице-премьер Е.Л.Тоғжанов жұмыс кеңесін өткізді, онда облыс әкімінің орынбасары Н.С.Қалауов облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Жалпы, делегация мүшелері өңірдегі COVID-19 екінші толқынына дайындық жұмыстарының барысы туралы оң баға берді.



Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки