Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Ақтөбе қаласының іскер әйелдер Кеңесі медицина қызметкерлеріне демалыс саябағына баруға отбасылық сертификаттар табыс етті

Ақтөбе қаласының іскер әйелдер Кеңесі медицина қызметкерлеріне демалыс саябағына баруға отбасылық сертификаттар табыс етті

15 октябрь 2020, Четверг
327
0

Дәрігерлерді қолдауға іскер әйелдер кеңесінің белсенді мүшесі, «Nurai Invest Group» ЖШС бас директоры Жанна Изимбетова жетекшілік ететін «Yurta Park» отбасылық демалыс паркі моральдық тұрғыдан қолдау көрсетіп, Ақтөбе медициналық орталығының медицина қызметкерлеріне 100 сертификатты салтанатты түрде тапсырды. Бұл алғашқы күндерден бастап коронавирустық инфекциямен майдан шебінде болып, ерлік пен батылдық және жанқиярлық көрсеткен жандарға құрмет пен ризашылықтың белгісі еді.



«Біздің елімізде дәрігер әрқашан батырлықтың мамандығы болып саналды. Кез келген қиындықты еңсере отырып, олар әрқайсымыздың өмірімізді сақтап, денсаулығымызды қорғап қалады. Олар үнемі алдыңғы қатарда, жауынгерлік бекетте болады - пандемияға дейін де, одан кейін де. Сондықтан оларға еңбектері үшін, өзін-өзі құрбан еткені үшін, борышына адалдығы үшін алғыс айтудың маңызы зор. Біздің іскер әйелдер Кеңесінің мүшелері, Ақтөбе кәсіпкерлері дәрігерлерге – маскалар мен арнайы киімдер, жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, азық-түлік, тегін түскі астарға және т.б. әртүрлі тәсілдермен алғыстарын білдірді. Қолдан келген көмектің барлығы біздің дәрігерлерімізді қолдауға арналды. Бұл кезеңде дәрігерлерге қаншалықты қиын болғанын әрқайсымыз жақсы білеміз», - деп атап өтті ІӘК төрайымы Кульпаршин Айдарханова. Сертификаттар дәрігерлерге, медбикелерге, санитарлар мен зертханашыларға салтанатты түрде табысталды.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки