Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » ШЖҚ "Aktobe Medical Center" МКК-нда қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді

ШЖҚ "Aktobe Medical Center" МКК-нда қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді

14 декабрь 2017, Четверг
1 220
0

ШЖҚ «Aktobe Medical Center» МКК-нда қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді. Жарыстар Ақтөбе медициналық орталығын (көпбейінді аурухана, балалар ауруханасы және КДО) құрайтын мекемелердің медицина қызметкерлері арасында өткізілді. Медицина қызметкерлері шахмат, үстел теннисінен ұйымдастырылған жарыстарға белсене қатысты. Ерлер арасында үстел теннисінен жүлделі орындарға төмендегі қызметкерлер иеленді: 1 орын — көпбейінді стационардың нейрохирург дәрігері КажгалиевРуслан, 2 орын- көпбейіндістационардың ангиохирург дәрігері Султангалиев Ерик, 3 орын — КДО хирургі СатенТемирлан.

Нейрохирург Кажгалиев Р.

Әйелдер арасындағы үстел теннисінен 1 орынға — нейрохирургия бөлімшесінің мейірбикесі Қорқынова Арайлым, 2 орынға — гинекология бөлімшесінің мейірбикесі Абдикирова Ақтоты, 3 орынға — функционалды диагностика бөлімінің мейірбикесі Есболсын Аңсаған иеленді.

Медсестра Қорқынова Арайлым

Ақтөбе медициналық орталығының үздік шахматшысы болып — көпбейінді аурухананың ангио-хирургі СарсеновҚурал (1орын) танылды, балалар стационарының хирург дәрігері Батыров Асхат (2 орында), балалар стационарының травматолог дәрігері Сивак Игорь (3орында).

Ангиохирург Сарсенов К.

Салтанатты жағдайда жарыстың жеңімпаздарына арнайы кубоктар мен құрмет грамоталары, сондай-ақ бағалы сыйлықтар берілді. Болашақта біздің облыстағы басқа медициналық мекемелердің медицина қызметкерлерін тарта отырып, конкурсқа қатысушылардың санын көбейту жоспарлануда, бұл дәстүрлі оқиға болады деп үміттенеміз.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки