Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай

16 декабрь 2017, Суббота
1 292
0

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, «Aktobe Medical Center» жанындағы балалар ауруханасында стационарлық ем қабылдап жатқан балалар арасында сурет салудан байқау өткізілді.Өскелең ұрпақ, кішкентай ем қабылдаушылар туған елдің табиғатын, өздерінің отбасын, сүйікті ойыншықтарын шаттана бейнеледі. Ондағы мақсат байқауға қатысушы балалардың шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық талғамын дамыту.

Жас педиатр-дәрігерлер мен кафедра қызметкерлерінің белсене араласуымен балалар ән шырқап, мәнерлеп өлең оқып, домбырадан күмбезді әуен мен күй шертті.Ғажап мейірімді, абзал, қамқоршы балалар стационарының қызметкерлері бұл мерекеде бірде бір бүлдіршінді қараусыз қалдырмай, барлығына тәтті сыйлықтар жасап, өздерінің пациенттерінің ертерек сауығып кетуіне шипа боларлықтай жақсы көңіл-күй сыйлады.

Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки