Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » 8 наурыз мерекесімен!

8 наурыз мерекесімен!

06 март 2021, Суббота
276
0

8 наурыз мерекесіне орай көпсалалы стационарда бөлімше басшыларының қатысуымен салтанатты лездеме өтті. Құттықтау сөзінде бас дәрігер Е.Б. Султангереевбіздің пациенттеріміздің өмірін сақтап қалуға, медициналық көмектің сапасын жақсартуға ұжымның әйел азаматшаларының ерекше рөлі мен баға жетпес үлесін атап өтті.

Лездемебөлімше персоналдарының жұмыс орындарына қатысуы үшін онлайн форматта өткізілді, себебі бір минутқа да, тіпті мереке күндері де медицина қызметкерлерінің қызметі тоқтатылмайды. Әкімшіліктің бастамасы бойынша кәсіподақ комитетінің қолдауымен әрбір бөлімше үшін тәтті сыйлықтар (торт, орталықтың логотипі бар бәліш), 33 қызметкерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ перзентхана блогына, қабылдау бөлімшесіне, сәулелік диагностикаға, гастроцентрге, кадр қызметіне оргтехника табыс етілді. Әріптестерін бас дәрігердің орынбасары Т.С.Суиндиков, АРЖҚТО-ның басшысы К.К.Ермагамбетов құттықтады, стационар дәрігерлері мен БҚММУ-нің кафедра қызметкерлерінен бейне құттықтаулар айтылды.

Құрметті әріптестер

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Сіздер-біздің ұжымның мақтанышысыздар,әйелдердің арқасында пациенттерге назар аудару

және күтім жасау қамтамасыз етіледі.

Денсаулық, бақыт, жұмыста табыс, өміріңізге оңтайлы өзгерістер тілейміз.

Обсудить

Читайте также:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки