Справочная
8 (713 2) 53-42-65
» » Бақылау кеңесінің жұмысы туралы жаңалықтар

Бақылау кеңесінің жұмысы туралы жаңалықтар

17 сентябрь 2021, Пятница
217
0

2021 жылғы 17 қыркүйекте ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК-де Бақылау кеңесінің жаңадан сайланған құрамының бірінші отырысы өткізілді. Бұрынғы бақылау кеңесінің өкілеттігі ағымдағы жылдың сәуір айында аяқталғандықтан Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар үшін бақылау кеңесінің мүшелерін іріктеуге өткізілген конкурстың нәтижелері бойынша Бақылау кеңесінің жаңа құрамы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының 28.07.2021ж. №106-ө §8 бұйрығымен бекітілді.

Кеңестің күн тәртібіне сәйкескелесі мәселелер қаралды: жаңа құрам мүшелерімен танысу, төрағаны сайлау, Орталық жұмысының қорытындылары тыңдалды. Ашық дауыс беруден кейін Ж.А.Коптлеуов (ШЖҚ «№6 ҚЕ» МКК бас дәрігері) Байқау кеңесінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, З.С.Хайруллина (АМО-ның Сапа менеджменті Қызметінің басшысы) хатшысы болып тағайындалды.

Орталықтың 2021 жылғы 8 айындағы қызметінің қорытындылары және ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына арналған даму перспективалары туралы бас дәрігер Е.Б.Султангереев баяндама жасады. 2021 жылдың 1 жартыжылдығындағы стратегиялық жоспардың индикаторларына қол жеткізу туралы ақпаратты бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасарыМ.Р.Сейтмухамбетовұсынды.


Отырыс барысындаБақылау кеңесінің Ережесі мен жұмыс Жоспары, сондай-ақ Орталықты дамытудың өзекті мәселелері бекітілді.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Сообщение
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Наши врачи
Ссылки